«Өндіріс» елді мекенінде жаңа спорт кешені ашылмақ

«Өндіріс» елді мекенінде жаңа спорт кешені ашылмақ

«Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасында және қоғамдық кеңістікті дамыту бағдарламасында тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында елдімекендерде спорт кешендерін салу, жаяу жүргіншілер үшін жағдай жасау, көпорталыққа бағытталған тәсілдерді енгізу, көшелердің жүру бөлігін кеңейту, жасыл желектер мен веложолдар санын ұлғайту, көпір салу, үй жанындағы дәрігер жобасын дамыту сынды көптеген мәселелер қамтылған. Яғни қаланы дамытудың мастер-жоспарында стратегиялық және тактикалық мақсаттарды қамти отырып, қала инфрақұрылымын әр ауданның өз орталығы болатындай етіп дамыту көзделген. Бұл дегеніміз, қызмет алу немесе бос уақытты тиімді өткізу үшін қаланың басқа жағына барудың қажеті жоқ, ал адамдардың тіршілік әрекеті үшін қажетті барлық орталықтар жақын жерде орналасады дегенді білдіреді.

Жоба аясында қалада 54 қоғамдық кеңістік абаттандырылмақ. Қала әкімі Алтай Көлгінов: 

– Қоғамдық кеңістікті қала тұрғындарының пікірін ескере отырып дамытатын боламыз, скверлер мен алаңдарды «Еститін мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес «Қатысу бюджеті» жобасы негізінде адамдар айтқан жерлерде орналастыратын боламыз, – деген болатын.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Өндіріс» елді мекенінде жақында жаңадан дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылады. Жаңа кешен құрылысы «Елорданың тұрғын алаптарын дамыту туралы» тұжырымдамасы аясында Байқоңыр ауданының әкімдігінің аудан тұрғындарына жайлы жағдай жасап, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымның дамуына баса мән бергенінің нәтижесінде салынды. 

Жаңа спорт нысаны Өндіріс және С 638 көшелерінің қиылысында бой көтерді. Ол жергілікті тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануына ыңғайлы болмақ. Толықтай жабдықталған нысанда футзал, волейбол және баскетбол алаңдары бар. Сол сияқты дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде арнайы балалар мен жасөспірімдер үшін каратэ-до, самбо, кикбоксинг, муай-тай, киокушинкай кан каратэ, грэпплинг, пауэрлифтинг, қол күресі, таэквондо, панкратион, қазақ күресі, джиу-джитсу сынды спорттың 12 түрінен үйірмелер ұйымдастырылады. Оған ұзын саны 350 бала тартылмақ.

Жаңа спорт нысанында жаттығатын балалар болашақта республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса алады. Ал үздік жас спортшылар Нұр-Сұлтан қаласының құрамасына, сол сияқты ұлттық құрамаларға іріктеледі.

Айта кетейік, жаңа кешеннің ішінде күреске арналған 215 шаршы метр зал, 93,2 шаршы метр аумақта жаттығу залы, 595 шаршы метр аумақта әмбебап зал жасақталған. Бұдан бөлек, ғимарат ішінде қарттарға арналған клуб пен оқырман залы бар кітапхана болады. 

 

02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 177
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 172
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 682
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 802
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 716

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474