Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстық басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сессияда Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің, жастар істері жөніндегі кеңестің, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді. Кеңестер құрамына іскер, белсенді азаматтар тартылды.
Сессия жұмысында білім, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, құрылыс, мәдениет салалары, газ және электрмен қамту және өзге де маңызды мәселелерді шешу үшін ұсынылған бюджет бекітілді. Сессияны түйіндеген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жаңаша жобалар көбейгенін, жеке бюджеттен ғана емес жеке кәсіпкерлер де инвестиция салып жатқанын мәлімдеді. Бюджетті ең қажетті салаларға бағыттау жөніндегі бастамаға қолдау көрсеткен мәслихатқа алғысын білдірді. Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.