Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді

Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында онлайн марафон өтіп жатыр. Таңғы 9:00-ден түнгі сағат 01-ге дейін жалғасатын марафонның көрігі дәл қазір қыза түскен. 

Пікір алмасу алаңында түрлі көзқарастағы спикерлер ұйымдастырушылар ұсынған әртүрлі тақырыпта пікірлерін айтып, ой жарыстырып жатыр.


Соңғы кезде «Қазмедиа» орталығында марафон өткізу кәдімгідей дәстүрге айналып келеді. 

Аузында «дуасы» бар игі жақсылардың басын қосып, дастархан жайылып сәні мен салтанаты келіскен жиынның мәнін білу үшін, журналист, «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбайды сөзге тартқан едік. – Онлайн марафон жиі ұйымдастырылатын болыпты. Бұл не деген марафон, мақсаты қандай?, -деген сұрағымызға, – Жиі емес. Бұл үшінші рет өтіп жатқан марафон, үшінші тәжірибеміз. Бірінші ҚР Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты референдум кезінде, екінші Президент сайлауы кезінде және бүгін өтіп жатыр. Бүгінгі онлайн марафонға жалпы 16 сағаттық контент дайындадық. Күні бойы бұл алаңнан жалпы есептегенде 2000-ға жуық қонақ өтеді. Түнгі он екіде ең бірінші экзитполдың бүгінгі сайлауға қатысты алдын ала нәтижелері осы жерде жарияланады, -деді Ләззат Танысбай.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
19.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 139
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 296
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 507

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 138
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 182
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 295
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 294
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 404