Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова «Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулыға қол қойды. Онда төмендегідей тыйымдар енгізілген: 1. Жаппай іс-шараларға тыйым. Соның ішінде үйде өткізуге тыйым салу. Алайда Ashyq нысандарында ұйымдастырылған, бірақ 30 адамнан тұратын ас беруге рұқсат етіледі.
2. Бетперде тағу режимі. COVID-19 үшін оң ПТР тесті бар адамдар мен онымен байланысқа түскендердің өзін-өзі оқшаулауы;
3. 15 қаңтардан бастап спорттық-сауықтыру орталықтарына, фитнес орталықтарға, йога-орталықтарға, моншаларға, бассейндерге, сауналарға Ashyq-та тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғаларға кіруге рұқсат;
4. Концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың, түнгі клубтардың, ұжымдық діни іс-шаралардың қызметіне, соның ішінде жұма намаз, конференциялар, семинарлар және жеке кездесулер өткізуге тыйым салу (екпе алған 10 адамға дейін рұқсат), қоғамдық тамақтану нысандарында бар үстелшесіне қызмет көрсетуге тыйым салу;
5. Кинотеатрлардың толымдылығы 30%-дан артық емес, қоғамдық тамақтану нысандарында бір үстел басында 4 адамнан артық емес;
6. Қызметкерлердің вакцина алғанына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың және т. б. қызметкерлерінің кемінде 70%-ын қашықтықтан жұмысқа ауыстыру;
7. Мектептерді қашықтықтан жұмыс форматына көшіру;
8. ЖОО мен колледждерді аралас жұмыс режиміне көшіру: дәрістер – онлайн, практикалық сабақтар – оффлайн;
9. Медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарды Pfizer-ден Comirnaty препаратымен вакциналауға рұқсат ету.