Оқушы "ақылды гараж" жасады

Оқушы "ақылды гараж" жасады

Қоғамның ақпараттандыруға қарқынды өтуі ақпараттық технологиялардың адам қызметінің түрлі салаларына барынша терең енуін негіздейді. Елімізде білім беру бағдарламаларында робототехниканың маңыздылығын арттыру мақсатында мектеп оқушыларын жобалауға және бағдарламалауға қатыстыра отырып оқушылардың құрастырушылық ойлау қабілетін дамытуға, жас техниктерді зерттеушілікке және өнертапқыштыққа баулуға бағытталған.  

     Осы мақсатта Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Ермахан Аян облыс көлемінде өндіріс салалары бойынша өнертапқыштық және робот жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Ең үздік жобасы – «Ақылды гараж».

Желдетуі нашар гараждарда, жабық автотұрақтарда және көліктердің ішінде пайдаланылған газбен улану жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай жағдайлармен күресу үшін көліктерді пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге байланысты тұрақтар мен құрылыстарды желдетуге арналған құрылыс нормалары енгізілуде.

     «Ақылды гараж» жобасы зиянды газдарға қарсы қорғану барысында автокөліктің қозғалтқыштарының іске қосылуынан бастап, жабық тұрақжай ішінде таза ауаны қамтамасыз ету мақсатында газды анықтау датчиктерінің көмегімен автоматты түрде өздігінен іске қосылу арқылы улы газдарды сыртқа шығара

 

ды. Бұл жоба арқылы адам өз көлікжайында денсаулығына қауіпсіз және қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.

    Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Arduino платформасындағы робототехниканың алгоритмдеу және бағдарламалау негіздерін меңгеруге мүмкіндік беретіні белгілі болды. Робототехниканы, бағдарламаланатын контроллерлерді, Arduino-ны оқыған кезде балалар бағдарламалауды үйренуге қызығушылық танытады. Жобаның мақсаты орындалды, алгоритмдеу және бағдарламалау негіздерін үйренуге арналған Arduino ортасының мүмкіндіктері зерттелді.

Рәтбек САРЫПБЕКОВ
01.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 05.05.2024 14
ТАРАЗДА ФУТЗАЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 05.05.2024 10
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 10
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 121

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1255
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7304
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11168
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7362
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7510