Оқушылар жеңіспен оралды

Оқушылар жеңіспен оралды

АҚШ-тың Хьюстон қаласында 5-10 қаңтар күндері жаратылыстану ғылымдары бойынша Copernicus халықаралық олимпиадасында астаналық оқушылар үздік нәтиже көрсетті.  Бұл қуанышты хабар елеусіз қалмады. Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен халықаралық олимпиаданың абсолютті және бірінші орын иелерімен кездесті.

 

Халықаралық олимпиада нәтижесі бойынша Астана қаласындағы Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алидан Сәулебек әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар арасында абсолютті жеңімпаз атанды.

Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы Тимур Цой халықаралық олимпиаданың қорытынды кезеңі бойынша І орынды иеленді. Ал Quantum STEM мектебінің 4-сынып оқушысы 10 жасар Кәрім Дюсеков бірінші орынды иеленіп, «Жаратылыстану» номинациясында алтынға қол жеткізген ең жас қатысушы атанды.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен жас жеңімпаздарды құттықтау барысында сөйлеген сөзінде былай деді:

«Халықаралық ареналарда елдің атағын шығаратын тек қана спорт емес, білім мен ғылым да сондай маңызға ие. Қазақстандық оқушылардың халықаралық пәндік олимпиададағы жеңісі туралы естігенде бәріміз қуанып, мақтанамыз. Ал олардың елордалық оқушылар екенін білгенде, қуанышымыз еселене түседі. Үлкен еңбектің артында ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың да қолдауы жатыр. Күні кеше ғана Астанада халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Еліміздің қоржынына Астаналық оқушылар 14 медаль салды, оның 8-і – алтын. Жалпы, былтыр халықаралық және республикалық байқауларда елордалық оқушылар жүлделі орындарды иеленіп, 500-ге жуық медаль олжалады. Терең білім алу бағытында талмай ізденіп, ел тізгінін ұстар азамат болуларыңа тілектеспін!» – деді Есет Байкен.

Айта кетейік, COPERNICUS халықаралық олимпиадасы – әртүрлі елдердің дарынды мектеп оқушыларының басын қосатын беделді жарыс. Мұнда қатысушылар математика, физика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдері мен аналитикалық дағдыларын көрсетеді.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
23.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540