Орал қаласы мектептеріндеұйымдастырылған «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» атты акцияға оқушылардың аталарыда белсене қатысып, игі шараға қолдау көрсетті.
Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, шаһарда жүргізіліп жатқан санитарлық-экологиялық екі айлық аясында білім ұяларында да көшеттерді түптендіру шаралары кеңкөлемде өткізілуде. Осы ретте оқушылардың аталары да бұл бастаманы қолдап, акцияшеңберінде немерелерімен бірге ағаш еккен.Нәтижесінде күл (ясень), терек (тополь) және жеміс ағаштары отырғызылды. Аталар ақ баталарын беріп, балалардың білім алып, елі үшін қызмет етуін, егілген жас көшеттердің де жайқалып, адамға сая, жемісі шөліркеген жанға сусын болуын тіледі. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде табиғатты көгалдандыру, аялауға тәрбиелеу мақсатын көздейтін мектептердегі аталмыш акция жалғасын табуда.