Халықаралық жастар күніне орай Батыс Қазақстан облысында «JAIYQ JASTARY» фестивалі аясында «ЭКО-ӘЛЕМ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны тазартуға, көгалдандыруға баулу.
Экологиялық акцияға жастар ұйымдары, студенттер,«Жасыл ел» және студенттік құрылыс еңбек жасақтарының сарбаздары, волонтерлар мен белсенді жастар қатысты.
Аталмыш акция облыс орталығымен қатар аудандар мен ауыл-аймақтарды қамтып, барлығы 2000-ға жуық табиғат жанашырлары атсалысты.
«ЭКО-ӘЛЕМ» экологиялық акциясында сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Серікұлы: — Табиғат тазалығына үлес қосу — баршамызға ортақ іс. Ауқымды іс-шараға ауызбіршілікпен қатысып, белсенділік танытуымыз қажет, — деді.