Оралдық ғалымдар жерасты суларын халық игілігіне жаратуды көздейді

Оралдық ғалымдар жерасты суларын   халық игілігіне   жаратуды көздейді

Оралдық ғалымдар жерасты сулары мен техникалық суларды жергілікті модификацияланған сорбенттерді қолдану арқылы тазарту технологиясын әзірледі.

Суды үнемдеу – Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында суды үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс екендігіне айрықша назар аудартқаны белгілі. Сонымен қатар су үнемдейтін технологияларды енгізу аса маңызды және шұғыл міндет екенін, оған тиімді тәсілдер ұсыну қажеттігін айтқан болатын. Осы ретте оралдық ғалымдар да өздерінің ғылыми жұмыстарында осындай маңызды әрі өзекті мәселені басшылыққа алды. Бұл жұмыстардың бір бөлігі шалғай аудандардағы мал шаруашылықтарында, жеке қожалықтарда пайдаланылатын жерасты суларын тазартуға бағытталған. Құдықтардан мал ішетін немесе ауызсу ретінде пайдаланылатын жерасты суларының  кермектілігі мен тұздылығы өте жоғары болғандықтан, жарамсыз болып табылады. Соған байланысты біздің ғалымдарымыз осы мәселені шешу мақсатында гранттық жобаға өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынған болатын. 

Бұл жоба туралы профессор, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев: 

– Басты мақсат – жерасты суларын шаруашылыққа және тұрмысқа пайдалануға қолжетімді ету. Бұл мәселені шешудегі тиімді әдістердің бірі – суды арнайы сорбенттер арқылы сүзгіден өткізіп, оның құрамындағы кермектілігі мен тұздылығын азайтып, пайдалануға жарамды деңгейге жеткізу, – дейді.

Ғалымның айтуынша, бұл бағыттағы ғылыми жұмыстар Оралдағы Жәңгір хан университетінде екінші жыл қатарынан жүргізілуде. Алдымен Батыс Қазақстандағы жергілікті табиғи шикізаттарды пайдалану арқылы арнайы сорбенттердің құрамы мен технологиясы жасалған. Сол сорбенттер арқылы тұзды, кермек дәмі бар жерасты сулары тазартылады. Сонымен қатар сорбенттер судың құрамындағы ауыр металдарды, патогенді бактерияларды да өз құрамында ұстап қалады. 

Қазіргі таңда университеттегі Индустриалды-технологиялық институтындағы Оқу-өндірістік орталығына ғалымдар жасаған зертханалық қондырғы орнатылған. Сол қондырғының көмегімен біздің ғалымдарымыздың технологиясымен дайындалған сорбенттер арқылы су сүзгіден өткізіліп, жарамдылығы қамтамасыз етіледі. Ал үшінші жылы сорбенттер арқылы суды тазартатын модульдік қондырғы құрастыру жоспарлануда. Оны жерасты сулары алынатын құдықтарға орнату көзделіп отыр. Нәтижесінде ғалымдардың технологиясын енгізу арқылы жерасты сулары пайдалануға жарамды болады деп күтілуде.    

Суды үнемдеу мақсатындағы ғылыми жұмыстардың келесі бөлігі суды көп пайдаланатын өндіріс ошақтарындағы, кәсіпорындардағы, әлеуметтік нысандардағы техникалық су қалдықтарын тазартуға бағытталған. Яғни, оларды тазалап, қайта қолдану деңгейіне жеткізу. 

– Осы бағытта коммерциализациялық конкурсқа жобамызды ұсындық. Бұл жобаны қаладағы «Стеклосервис» мекемесімен бірлесіп жасадық. Егер жобамыз гранттық қаржыландыруға ие болса, үлкен жұмыс атқарылатын болады, – дейді ғалым-ұстаз Сәрсенбек Әлиакбарұлы. 

 

ЛӘЗЗАТ ҚАЖЫМОВА
22.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 167
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 678
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 798
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 711

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8864
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8260
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11487
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9244
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10471