Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды

Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Алихан Ғайнулла химия пәнінен республикалық жасөспірімдер олимпиадасында І орынға ие болды.

Бұл туралы зияткерлік мектептің баспасөз қызметі хабарлады. Еліміздің әр түкпірінен сынға түскен 22 оқушының арасынан топ жарған Алиханның жоғары ұпайы айналасының айрықша таңданысын туғызған. Ол Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға былтыр қабылданыпты. Химиялық эксперименттерді жасауға жаны құштар жеткіншек аталған ғылымға зор қызығушылығы бар екенін байқатып үлгерген. Сонымен бірге шахмат ойындарына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр екен.

– Зияткерге жетекшілік еткен мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Гүлсім Киматова да Алиханның бойында ерекше сенімділік пен зор ізденістің бар екенін жасырмады. Дарынды оқушыны одан әрі дамыту жұмыстары жалғаса бермек, – дейді мектептің баспасөз хатшысы Мөлдір Латифова.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
26.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Торқалы той қарсаңындағы марапаттар
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 28.09.2023 64
ӘСКЕРГЕ БАРУ- АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
Шу ауданы әкімдігі - 28.09.2023 42
Пресс-релиз
- 28.09.2023 16
Ұлт рухының жаршысы еді...
Ерболат САУРЫҚОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. - 28.09.2023 64
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 841

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 2571
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 2402
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 2510
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 2490
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 2538