Оралдық тәрбиешілер тәжірибе алмасты

Оралдық тәрбиешілер тәжірибе алмасты

Оралдағы №44 «Мерей» бөбекжайында «Өрлеу желілік қауымдастығы» арасындағы кезекті қалалық семинар өтті. 

«Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы ұйымдастырылған іс-әрекет кепілі» тақырыбындағы семинар жұмысына аталмыш қауымдастық аясындағы бөбекжайлардың пән мұғалімдері қатысты.

Семинарды ашқан бөбекжай меңгерушісі Нұрсұлу Ниярова оқытушылардың біліктілігін көтеріп, білімін шыңдауда, заманауи технологияларды қолданудың қыры мен сырын меңгеруде осындай басқосулардың пайдасы зор екенін атап өтіп, ұстаздарға сәттілік тіледі.

Алдымен сазды сәлемдемемен, «Сәлемдесу» тренингімен басталған шара бөбекжай мұғалімдерінің ұйымдастырылған оқу қызметтерімен жалғасты.

Музыка жетекшілері Бибінұр Кенжеғалиева «Табиғат және музыка», Эльмира Темірова «Қазақтың ұлттық музыка аспаптары» тақырыптарында «Айналайын», «Балдырған» мектепалды тобының бүлдіршіндерімен ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, музыка пәнін меңгертудің тың әдістерімен бөліссе, дене шынықтыру нұсқаушысы, жас маман Ерсұлтан Мақсотов «Дені саудың жаны сау» тақырыбында оқу іс-әрекетін өткізді.  Қазақ тілі пәнін бөбекжайдан меңгерту ағымдағы жылдан бастап жүзеге асқан болатын. Осы орайда бөбекжайдың қазақ тілі пәні мұғалімдері Қаламқас Джумагазиева мен Кәусар Байғалиева өткізген «Қазақ тілінен ұйымдастырылған іс-әрекетінде балалардың ойлау қабілеті мен сөйлеу тілін дамыту» атты педагогикалық шеберлік сыныбы әріптестерінің көңілінен шықты. 

Баланың тілін дамытуда ұстаздар қолданған түрлі әдіс-тәсілдер, дидактикалық ойындарға қауымдастық мүшелері қызығушылық танытып, өзара тәжірибе алмасты. Ал компьютерлік сауаттылыққа үйрету мұғалімі Айгүл Алигазиева «Stem ғажайыптары» тақырыбында жас техниктердің шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, әріптестерін тың жаңалықтармен танқалдырды. Өз кезегінде бөбекжай психологы Бибінұр Есенова мен әдіскер Жеміс Хайырова қатысушылармен «Менің жан дүниемнің гүл бағы» психологиялық тренингін өткізіп, әдемі гүл шоқтарын ұсынды. Семинар барысында белсенділік танытып, қызыға тыңдаған қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, ризашылықпен тарқасты.  

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
27.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 326
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 949

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9024
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8420
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11648
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9404
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10630