Ораза айт – сауапты істер жасайтын мереке!

Ораза айт – сауапты істер жасайтын мереке!

Facebook-тегі парақшасында ел халқын мұсылмандар үшін қасиетті мерекенің бірі – Ораза айтпен құттықтаған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева: «Мұсылман қауымы үшін қасиетті мерекелердің бірі – Ораза айт құтты болсын! Адамзат баласын сабыр мен кешірімге, қанағат пен қайырымға шақырып, рухани жаңаруға үндейтін қасиетті Рамазан айы да аяқталды. Осы айда ораза ұстап, амал жасаған барша азаматтардың дұға-ниеттерінің қабыл болуын тілеймін. Ораза айтта – әрбір мұсылман көмекке мұқтаж жандарға кеңінен қолдау көрсетіп, сауабы мол игі істер жасайды. Өкінішке орай, биылғы Ораза айт да карантиндік шектеулер жағдайында келіп тұр. Қажетті сақтық шараларын сақтап, төзімділік танытсақ, келер жылдың Ораза айтын қалыпты жағдайда қарсы аламыз деп үміттенемін. Өкпе-ренішті ұмытып, қате-кемшіліктерді кешіруге үндейтін Ораза айтында баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығы мен бақ-береке тілеймін. Халқымыздың бірлігі нығайып, рухани ынтымағы арта берсін. Айт мүбәрак болсын!» – деп жазды.

13.05.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540