Өрт қауіпсіздігін сақтау – өзекті мәселе

Өрт қауіпсіздігін сақтау – өзекті мәселе
Жиында алғашқы болып сөз алған Тараз қалалық төтенше жағдай басқармасының басшысы Ә. Сарбатов жыл басынан бері Таразда 217 өрт оқиғасы тіркелгенін айтты. Өрттен келген шығын 31 млн. 590 мыңды құраған. Өрт салдарынан 3 адам көз жұмып, 2 адам зардап шеккен. Жыл басынан бері өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан 7 кәсіпкерлік нысан отқа оранған. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сауда орындары басшыларымен 4 дөңгелек үстел отырысы, 12 нұсқаулық өткізіліп, 4000-нан аса жадынама таратылды.
Басқосу барысында қалалық электр желісінің басқарушысы С. Дүйсебеков шаһар аумағындағы тұрғын үйлерді электр желілерімен қамтамасыз ету және оның техникалық шарттары бойынша мағлұмат берді. Ал, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы өндірістік-техникалық бөлімінің маманы Б. Шалтаев жыл басынан бері газдан улану бойынша 24 оқиға орын алғанын, оның ішінде 61 адам иісті газға уланып, 2 адам қайтыс болғанын жеткізді. Келеңсіз оқиғаның 85 пайызы мұржаның бітелуі, жарамсыз болуы, қолдан жасалған пешті пайдалану және тағы басқа қауіпсіздік ережесінің сақталмауынан орын алған.
 
Осындай қайғылы оқиғалар орын алмас үшін ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мамандары 220 000 ескерту парағын таратып, төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп газ қондырғысын дұрыс пайдалану туралы түсіндірме жұмысын жүргізген.
Қала әкімдігі тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының м.а. А.Тукебаев жылыту маусымына байланысты тұрғын үйлерде газбен улану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде деді. Осы бойынша 125 154 тұрғын үй араланған. Сала маманының мәліметінше, тұрғын үй секторындағы өрттің 50 процент шығу себебі адами фактордан орын алады екен.
Мамандарды тыңдаған қала әкімі Бақытжан Орынбеков жауапкершілік пен қауіпсіздік басты ұстанымымыз екенін, сондықтан бұл мәселеге барынша мұқият болу қажеттігін ескертті. Әсіресе, алдағы мереке күндері барынша сақтық шараларын қолға алып, сауда орындары мен базарларда, тұрғын-жайларда мұқият болуды тиісті мамандарға тапсырды.
Тараз қаласының әкімдігі
15.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 248
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 383
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 380
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 611
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 553

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9255
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8651
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11878
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9649
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10860