Тәуелсіздігіміздің іргетасы, еркіндігіміздің негізі, мемлекетіміздің дамуы жолындағы барша заңнамалардың бастауы – Конституция күні Орал қаласындағы «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығында да аталып өтілді.
«Тәуелсіздігіміздің тірегі – Ата заң» атты мәдени-мерекелік іс-шара мемлекеттік Әнұранмен басталды. Бұдан әрі іс-шара қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Н.Дауешовтың құттықтау сөзімен жалғасты.
Мерекелік іс-шараға орталықтың тұрақты келушілері және үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 18 жастан асқан психоневрология бөлімінің қызмет алушылары қатысты. Тағылымды іс-шараны ұйымдастырушылар Ата заңға деген сүйіспеншіліктің өз Отаны мен отбасын сүюден басталатынын, заңға бағыну тәртіп екенін, тәртіп бар жерде тәрбие болатынын ұғындыру мақсатын көздеді.