Отбасы тағдыры кімнің қолында?

Отбасы   тағдыры кімнің   қолында?

«Әр адам отбасын құтқару үшін өзі әрекет жасайтын болса, отбасы құндылықтарын арттыра алады. Еуропа елдерінің тұрғындары отбасын құрмас бұрын 3 ай, құрғаннан кейін 3 жыл бойы жас жұбайлар арнайы курстардан өтеді», – дейді отбасы психологы Лаура Сүйіндік. Маман жақын арада аталмыш оқу қазақ халқының діни құндылықтары мен  салт-дәстүріне негізделіп жасалатындығын жеткізді. Сонымен қатар, психолог мектеп қабырғасында «Психология» пәнін аптасына 1 рет қосымша білім ретінде енгізуді қолға ала бастағандығын айтты. Бұл – үлкен жетістік. 

Отбасы құндылықтарын нығайтудың тағы бір жолы, жарыңызға жасаған тірліктерді міндеттемей, барлық жауапкершілікті өзіңізге алып, ортақ құндылықтарға жетуге болады.  Ортақ құндылыққа қол жеткізбейінше бала тәрбиесі де, отбасы рызығы да дұрыс болмайды.  

Лаура Сүйіндік: «Адам өмірге келген кезде бүтін бір тұлға болып келеді. Қазақта «екі жарты бір бүтін» деген сөз бар. Негізінде, Құдай ешкімді жарты адам болып жаратқан жоқ. Өзінің екінші жартысын кездестіргенде адам толық тұлғаға айналады. Яғни екі кемшіліктері бар адам жолығып, бір-бірінің барлық жақсы жақтары мен жаман жақтарын қабылдап, толық бір тұлғаға айналады. Соны екі жарты, бір бүтін деп айтады. Отбасының татулығы мен тыныштығы үшін кей жәйттарға көз жұма қарау керек. Бірнеше жыл отбасы құрғандар бұны түсінбесе, өмір бойы осы жайттармен алысып келетін болады», – деді психолог маман. 

Сондай-ақ, жылдан-жылға отбасы психологының қабылдауына баратын қазақстандықтардың саны артып келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Отау құрған екі жан отбасы тағдыры өз қолдарында екенін саналы түрде ұғынып, жауапкершіліктің барлығы өздерінде екендігін түсінуде. Жанұя болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Үйде болып жатқан ұрысқа үкіметті, мемлекетті я болмаса,  ата-ананы кінәлі санауды доғарып, қазіргі жастар маман арқылы, арнайы курс арқылы арадағы мәселелерді  шешіп жатыр. Саналы отбасы құрудың ең тиімді жолы – осы.

 

БАЛЖАН АЛЖАНОВА
09.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372