ОТБАСЫЛЫҚ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ

ОТБАСЫЛЫҚ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдаудағы Отбасының цифрлық картасын жергілікті жерлерде пилоттық сынақтан өткізу бағытында «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі құрылды.

Отбасының цифрлық картасы – бұл әртүрлі мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе және ол «Smart Data Ukimet» (мемлекеттік органдардың барлық деректер базасын жинақтайтын және өңдейтін жүйе) аналитикалық жүйесімен интеграцияланған. 

Бұл жүйеде отбасылар бойынша бөлінген санаттар мен деңгейлері бар болуына қарай, қалыптастырылған тізімдер адамдардың (отбасылардың) ықтимал мұқтаж әлеуметтік қолдау шаралары енгізілген. 

Атап айтсақ:

1)  асыраушысынан айырылу бойынша төлем алмайтын балалар;

2)  бала тууына жәрдемақы алмаған балалар;

3)  1 жылға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақы алмайтын балалар;

4)  мүгедектігі бар бала күтімі бойынша жәрдемақы алмайтын мүгедек балалар;

5)  «Күміс алқа», «Алтын алқа» наградаларын алмаған адамдар;

6)  көп балалы отбасы ретінде жәрдемақы алмайтын адамдар;

7) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алмайтын адамдар;

8)  мүгедектігі бойынша жәрдемақы және зейнетақы алмайтын мүгедек адамдар;

9) зейнетақы және мүгедектік бойынша төлем алмайтын зейнеткерлік жастағы адамдар;

10) атаулы әлеуметтік көмекке әлеуетті үміткерлер санаты. 

 Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін қолданылатын «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін одан әрі өндеуде.

 Келешекте бұл жүйе әр түрлі дерекқорлардағы барлық ақпаратты жинақтап, талдауға, одан әрі жедел және проактивті форматта (азаматтардың өтінішін күтпестен) отбасы жағдайының нашарлауына жол бермеу үшін қажетті қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Осы жүйеде Қазақстан Республикасы бойынша 6,3 млн. отбасына бөлінген, барлық 19,5 млн. азамат туралы деректер жинақталған. Жамбыл облысы бойынша 367,7 мың отбасы, 1,2 млн. азаматтың деректері бар.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
05.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803