Отырарда керамикалық заттардың көрмесі өтті

Отырарда керамикалық заттардың көрмесі өтті

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музейқорығы мен «Қор сақтау» ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Сапар орталығы» туристерге қызмет көрсету орталығында «Отырардағы керамика өндірісі» тақырыбында көрме өтті. Оған өңірдегі музей қызметкерлері мен Жас туристер станциясының мамандары қатысты.

Айта кетейік, Отырар VI-VIII ғасырларда Фараб Сырдарияның орта шеніндегі ірі феодал иелігінің астанасы болған. ІХ-ХІІ ғасырларда аймақтың бас қаласы, ХIII-ХV ғасырларда Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі, ал XVI-XVII ғасырларда қазақ хандығының саяси және экономикалық орталығына айналған. Ал, XVIII ғасырдың орта шенінде қаңырап бос қалып, сол ғасырдың екінші жартысында әбден қирап, төсін жаңбыр шайып, жергілікті тұрғындар «Отырартөбе» деп атап кеткен үйіндіге айналған. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде қыш ыдыстар ғана емес, өткен замандарда күнделікті тұрмыста қолданылған өзге де заттар көптеп табылды. Табылған бұл ыдыстарды ас үй жабдықтары (қазан, көзе, қақпақ, таба, таған тұғырықтар), азық-түлікті сақтауға және тасуға арналған жабдықтар (хум, көзе, кұмыра т.б.), сонымен қатар ас ішетін ыдыстар (сапты аяқ, көзе, ыдыс-аяқ) деп бөлуге болады. Қазба барысында археологтың қолына шірімей жететін және ең көп кездесетін, уақыттың тезіне ең шыдамды артефактінің бірі және бірегейі – керамика. «Керамика» – ежелгі гректің «керамос» деген сөзінен шыққан. Ол «саз» деген мағынаны білдіреді. Керамиканың түрлерін оның кезеңдерде өзгеруін танып білу – археологтың міндеті. Керамика пайда болған неолит дәуірінен бастап археологиялық ескерткіштерде кездеседі. Қыш ыдыстарды пайдалану азықтүлік құрамының кеңеюіне, оны даярлау және сақтаудың жақсаруына, сұйық тамақтарды сақтауға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, құстар мен хайуанаттардың керамикалық мүсіндерінің сәндік үшін ғана салынбай, олардың сол кездегі жергілікті тұрғындардың нанымсенімін білдіретін символдық мәні жайында жоғарыда ескертіп өткен болатынбыз. Әрине, ежелгі діни түсініктер кейінгі ортағасырлық дәуірге баз-баяғы қалпында өзгеріссіз келіп жеткен жоқ. Уақыт өткен сайын бейнеленген хайуанаттар мен құстардың бастапқы символдық мәні жойылып отырған. Қойды киелі санау, әсіресе, Сыр өңірі диқандарының арасында ХХ ғасырдың басына дейін кең етек алған. Қала тұрғындары да киіз үйлерде немесе қаладан сыртқары жерлерде «қошқар ата» мерекесін жиі өткізетін болған. Мұның барлығы да Отырар керамика кәсібінің ежелден келе жатқан дәстүрлі өнер екендігінің бірден-бір айғағы.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 176
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 69
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 110
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 130
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 93
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 510
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 477
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 499
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 492
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 491
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 506
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 496
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 690

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9735
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9109
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12344
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10114
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11323