Отызда орда бұзбаған, қырықта қамал ала алмайды

Отызда орда бұзбаған, қырықта қамал ала алмайды

Бүгін саясатта "Асхаттардың" күні болды ғой! 

Бір Асхат бауырымыз Ағарту министірлігі қызметінен  кетіп мыңдаған азаматтардың "әттеген-ай" деген , қимастық сезімін оятып жатыр.  Әлеуметтік желі толған керемет қолдау  пікірлер! Ол өте сирек кездесетін халықтың әділ бағалауы! 

Дәл осы сәтте Асхат деген тағы бір жас азамат жаңадан Министр болып жатыр! 

Мағыналы сәйкестік! 

Бір жағынан Асхаттың кетіп баражатқанын мен де қимаймын, ерекше құрметтейтін едім. 

Екінші жағынан, Үкіметке мағыналы сөздің терең ойдың қадірін білетін азамат мәдениет саласын келгеніне қуаныштымын 

Асхат Ораловті көптен бері танимын. 

Павлодар өңірінде, Ақсу қаласында дүниеге келген. 

Қарапайым отбасынан шыққан - әкесі беделді каржігер, анасы мектеп мүғалімі. 

Павлодар дегенде бізде стереотип бар ғой "орысшалау" шығар деп. Ал Асхат танысқан кезде қазақша еркін сөйлетініне ғана емес, жалпы менталитеті ауылдың баласы сияқты. Сол кезде өзі айтқаны мектепке дейін кемпір шалдың қолында еркін өскен, кейін мамасы педагог болғасын сауатты сөйлеуді ойын еркін жеткізуді үйреткен, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатын үздік бітірген. 

Мен Мәжіліс депутаты ол ЕНУ-дің белсенді  студенті болғанда байқадым - мықты ұйымдастурушы, батыл мәселе көтеретін, іскер жас азамат. Содан кейін білім саласында, қоғамдық жұмыста, Ақпарат министірлігінде, Жастар саясаты бағытында, Әкім орынбасары ретінде талай шараларда кездестік, жақын араластық. 

Білімді, ағылшын тілінде еркін сөйлейді, Философия докторы,

Мәдениет және спорт саласында тәжіриебесі бар - Павлодар облысы, Астана әкімі орынбасары кезінде білім, мәдениет, спорт, жастар, БАҚ бағыттарын өте тиімді үйлестірді.  

"Аманатқа" басшы болып келгенде "жастау екен" деп күдікпен қарағадар болды. Бірақ жас болса да әр іс әрекеті салмақты парасатты болды, жетістіктері жеткілікті. Тізіп жатпайын. 

Бұл қызметке енді тағайындалды, керемет болады деп алдын алмайын, өзі көрсетер жұмысын! 

Кемшіліктер де болар, сынға да ұшырар. Шынайы жұмыс жасағандар қателеседі ғой 

Бірақ мен білетін Асхат болса "ал енді дәрежем өсті - министрмін" деп шіренетіндер қатарында болмайды. 

Сол қарапайым, мінезі ашық, адамкершілігі мол, жүрегі "Мен Қазақпын" деп соғатын елге сонысымен сыйлы азамат болып қала береді. 

 

Ал бәрекелді! Іске сәт! 

Ең бастысы халық сенімін ақта! 

 

Әр министірдің қызметтік кезеңі шектеулі , бір күні келеді, уақыты келгесін кетеді. 

Асхат Аймағамбетов министр болған кезде , менің қолдау көрсетіп жазған постымның астында - жастау екен, тәжіриебесі аздау екен, қалай болады , үлкен саланы басқаруға тәжіриебесі жетема екен деп күдіктенгендер болды! 

Бірақ үш жылдан кейін қоғам өз жоғары бағасын аяп жатқан жоқ! 

Біздің халық жастарға сенеді! 

Жас келсе іске деп мойындайды! 

Отызда орда бұзбаған, қырықта қамал ала алмайды деп демеу жасайды! 

Ең маңыздысы бүгінгі тағайындалып жатқан Асхат Ораловқа ел үшін адал абыройлы қызмет атқару! 

Өзінен сәл жасы үлкендеу Асхат Аймағамбетов сияқты ертен Асхат Ораловті де қимай қызметтен жібергісі келмей алғысын айтып жатса - сол ең үлкен бақыт және жетітік! 

 

Кезінде Алаш Орданың арыстары деп танитын тарихи тұлғалар,  осындай жас азаматтар болған екен! Білімді , батыл, мемлекетшіл, керек болса ұлтшыл! 

Соларға ұқсаса жаман болмайды!

МҰРАТ ӘБЕНОВТЫҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН
04.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 55
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 581
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 695
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 610
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 619

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8754
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8154
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11383
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9137
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10368