Оянғандары 0.1%

Оянғандары 0.1%

Қазір бүкіл әлем Россия десе жұқпалы ауруға ұшыраған адам көргендей тыжырынатын жағдайға жеткен. Теріс айналған. Путиннің қасында қалғаны Лукаш пен Қадыров қана. 

Осы күндері ресейліктер «Путин – Ресей емес, Ресей – Путин емес» деген сөз шығарыпты. Өздерін арашалаған түрлері. Пішту! Путин деген – Ресей! Ресей деген – Путин! Басқыншы! Жиіркенішті шовинист! Тағы тағылар! Осы жексұрын аты енді жүз жылда да жуылмайды. Бүкіл әлем Ресейден мерезі асқынған ауру көргендей, аулақ жүретін болады.

Бұндай лас атақтан арылудың жалғыз ғана жолы бар. Ол – халықтың тез арада көтеріліп, соғыс бастағандардың көзін құртуы. Көзін құртып қана қоймай, Украинға келтірген материалдық және моральдық шығындарын түгел төлеу, алып қойған жерлерін түгел қайтару. Орыстар сонда ғана ұлы халық екенін дәлелдей алады. Әйтпесе жексұрын болғаны болған! Бірақ Ресейдің олай істейтін түрі көрінбейді. Олардың соғысты тоқтатуды талап етіп көшеге шыққандары 1 пайызға да жетпейді. Мысалы, Мәскеуде 12 млн адам тұрса, оның 1 пайызы 120 000 адам, Санкт-Петербор тұрғындарының 1 пайызы 50 000 адам. Осынша халықтан ұяты оянғандары қазір бар болғаны 0.1 пайыз болып тұр. Қалған 99.9 пайызы Ресейдің Украинға істеп отырғаны әділетсіздік, басқыншылық, фашистік екенін айтса, қылғынып өлетіндей бұғып отыр немесе «Z» деген басқыншылық белгісін машиналарына бадырайтып жапсырып алып, ойқастап жүр. 

 

Нұрлыбек Саматұлы
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 622
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 740
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 652
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 661

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410