Қазақ баспасөзі құралдары,соның ішінде газет пен журналдың мәселесі бүгінгі күні өзекті. Яғни, интернет сайттарының көптеп ашылуына және әлеуметтік желілердің кең дамуына байланысты баспа өнімдерінің екінші орынға ысырылып қалғаны жасырын емес. Әрине, бұл жақсы үрдіс емес. Қолына газет-журнал мен кітап ұстамаған ұрпақтың болашағы бұлыңғыр. Мұндай жастардан кейін ойға жүйрік, сөзге шешен, білімге құштар зиялы қауым қалыптасады деу қиын. Сондықтан, бұл мәселе БАҚ өкілдерінің жанайқайымен ғана шешілмейді. Бұл билік өкілдерімен, соның ішінде ішкі саясат пен ұлттық идеологияға жауапты тұлғалармен қоян қолтық жұмыс істеу арқылы ғана шешімін табары анық.
Жақында «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановпен кездесті. Аталған серітестік құрамына 30 жылдық тарихы бар «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газеті, 20 жылдық тарихы бар «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналы және «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты кіреді. Бұл баспасөз құралдарының қай-қайсысы болсын отандық ақпараттық нарықта салмағы бар, оқыман жүрегінен ойып отырып орын алған. Кездесу барысында қазақ баспасөзінің бүгінгі жай-күйі жайлы және кейінгі ұрпақты кітап, газет оқуға тәрбиелеу мәселелері талқыланды.
«Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызының айтуынша, газет пен журналған өз еркімен жазылушылардың қатары сиреген. Бұған “Мәжбүрлеп газетке жаздыруға болмайды” деген жалған ұрандар себеп болғанын айтады.
-Мен осыдан бір-екі жыл бұрын Ақсу қаласына қарасты Евгеньевк ауылына іс-сапармен бардым. Сол кездегі Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Мәданиұлы өзі бас болып бірнеше келелі кездесу өтті. Сонда кейбір ұстаздардан қолына газет-журнал мен кітап ұстамаған мұғалім мен оқушының болашағы жоқ деген пікір естідік. Мұндай олқылықты газет-журналға жаздыруды алып тастағаннан кейін яғни “Ешкімді күштеп жаздыруға болмайды” деген желеуден кейін байқап отырған көрінеді. Себебі, содан кейін мұғалімдер қолдарына газет алмай кетті десек т болады. Жалпы, біздің басылым барлық облыстармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Ертіс-Баян өңірімен де қарым-қатынасымыз жақсы. Мен бұған дейін Павлодар облысының көптеген аудандарын аралап, оқырмандрмен кездестім. Жалпы солтүстік облыстарда тіл мәселесі өткір тұр. Сондықтан, бұл жерде мерзімді басылымдардың атқарар рөлі жоғары. Өкінішке қарай, қазір қазақ баспасөзінің жағдайы төмен. Себебі, кітап, газет оқитын жастардың қатары сиреп келеді. Болашақта бұл мәселені ауқымды деңгейде көтеріп, мемлекет басшысының алдына арнайы ұсыныстармен баруды жоспарлап отырмыз,-деді Сәуле Мешітбайқызы.
Облыс басшысы Асайын Байханов та өз кезегінде қазақ баспасөзінің, соның ішінде дәстүрлі мерзімді басылымдардың болашағына алаңдайтынын білдірді. Сондықтан, алдағы уақытта ақпарат құралдарын зерттеп, зерделей отырып, оқырманға керекті деген бұқаралық ақпарат құралдармен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді.
-Қазір интернеттің дамуына және смартфон телефондардың трендке айналуына байланысты газет оқу үрдісі төмендеп кетті. Яғни мерзімді басылымдар ғаламтормен бәсекелес бола алмай жатыр. Дегенмен газет пен кітаптың орыны әрдайым жоғары,-деді Асайын Қуандықұлы