Өзбекстан электр энергиясын дамытуды қолға алды

Өзбекстан электр энергиясын дамытуды қолға алды

Ақпарат көздері Өзбекстанда электр энергиясының жетіспеушілігі туындап жатқандығын хабарлап жатыр. Бұл өз кезегінде шекаралық аймақтары үшін қажетті электр қуатын Өзбекстаннан алып отырған Ауғанстанға да ықпалын тигізген. 23 қаңтар күні баспасөз беттерінде Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Моттаки «Талибан» уақытша үкіметінің Ауыл шаруашылығын дамыту қорының ашылу салтанатында Өзбекстанды өзара қол қойылған келісімшарт талаптарын орындауға шақырғандығы туралы ақпарат таралды.

Моттаки: «Қазір Өзбекстан электр қуатын өшіріп жатыр, Ауғанстан халқы түрлі мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Бауырластық пен көршілік қарым-қатынасты сақтаудың ең маңыздысы – қиын жағдайда көмек көрсету», – деді.

Ауғанстандық Da Afghanistan Breshna Sherkat (DABS) энергетикалық компаниясы 13 қаңтарда Өзбекстан техникалық ақауларға байланысты электр қуатын беруді тоқтатқанын хабарлады. Ресми БАҚ-тардың хабарлауынша, екі ел бұған дейін 2023 жылға дейін электр қуатымен қамтамасыз ету келісімшартына қол қойған. Алайда соңғы уақыттарда Өзбекстандағы энергия тапшылығына байланысты Ауғанстанға жеткізіліп жатқан электр қуаты тоқтатылған.

Қаңтардың басында Өзбекстан мен Қазақстанның Энергетика министрлері Тәшкентте кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы келісімдер жасаған еді. Министрлердің кездесуі кезінде екі мемлекеттің ортасында отын-энергетика саласындағы ынтымақтастығы бірте-бірте кеңейіп келе жатқандығы айтылып еді. Атап айтқанда, электр энергетикасы секторы жиілікті реттеу қызметтерін, транзиттік қызметтерді және бірыңғай өңірлік электр желілерін импорттық және экспорттық электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселелері сөз болған болатын.

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қамбар ата су электр станциясын салу  жоспарына қол қойды

Сонымен қатар, екі ел көптеген салаларда ынтымақтастық орнатқан. Мәселен, Өзбекстан Қазақстанның оңтүстік аймағына табиғи газды және табиғи газды терең өңдеу өнімдерін (оның ішінде полиэтилен, полипропилен және өнеркәсіптік мұнай) экспорттайды. «Өзбекстан» АҚ мен «ИКА» АҚ Қазақстан аумағы арқылы табиғи газды тасымалдауға келісімшартқа қол қойып, жүзеге асырды. Өзбекстанның Қазақстаннан мұнай импорты дәстүрлі түрде жүзеге асырылады.

Қазір Өзбекстанда шағын электр стансаларын салу туралы мемлекеттік бағдарламалар қолға алына бастады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 20 қаңтар күні елді электр қуатымен қамтамасыз етуді жақсартуға арналған конференцияда шағын су электр станцияларын салуға қолайлы 250 орын анықталғанын мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, болашақ шағын су электр станциясы жылына 675 миллион кВт/сағ электр энергиясын өндіріп, 200 миллион текше метр табиғи газды үнемдей алады екен. Биылғы жылы жалпы белгіленген қуаты 197 мегаватт болатын жеті энергетикалық нысан мен 10 шағын су электр станциясы іске қосылады. Сонымен қатар, 8 перспективалық жоба, сондай-ақ жалпы қуаты 438 МВт болатын 50 шағын су электр станциясының құрылысы басталады. Мирзиеев сонымен қатар су электр станциясының айналасындағы ашық жерге гибридті (жел және күн) электр станциясын салу міндетін қойды.

Мирзиёев ознакомился с ходом модернизации Тупалангской гидроэлектростанции

Соңғы жылдары Өзбекстанның гидроэнергетика секторы жалпы құны 500 миллион доллар болатын 27 жобаны жүзеге асырып, 260 МВт электр қуатын өндіру қуатын қосты. Бұл станциялардың жалпы қуаты 2000 МВт-тан асты. Соның нәтижесінде жыл сайын 2 миллиард текше метр көгілдір отын үнемделген. 2021 жылдың желтоқсанында Өзбекстан президенті гидроэнергетиканы одан әрі дамыту бойынша қосымша шаралар туралы жарлыққа қол қойып, Өзбекстанның гидроэнергетикалық қуатын 2030 жылға қарай 66,5 пайызға арттырудыды жоспарлап отырғандығын мәлімдеген еді.

Өзбекстан 2026-шы жылға дейін 20 ГЭС салмақ

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 247
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 243
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 745
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 867
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 780

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8938
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8332
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11560
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9317
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10544