Өзбекстан ұшақтар сатып алатын болды

Өзбекстан ұшақтар сатып алатын болды

Өзбекстанның әуе паркін жаңарту мақсатында 12 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы «https://kun.uz/news» сайты хабарлады. Uzbekistan Airways авиакомпаниясы Airbus авиакомпаниясымен A320neo-ға тиесілі 12 ұшақты сатып алу туралы келісімге қол қойды. «Ұшақтардың сегізі A320 neo, төртеуі A321 neo. Сатылатын ұшақтарда Airbus Airspace кабинасы бар, ол жолаушыларға әуе көлігі нарығындағы жайлылықтың ең жоғары деңгейін ұсынады. «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы жаңа ұшақты маршруттар желісін одан әрі кеңейту үшін пайдалануды жоспарлап отыр», – дейді мақала авторы.

Бұл келісімдер туралы журналистерге сұхбат берген Airbus компаниясының бас коммерциялық директоры және департамент басшысы Кристиан Шерер мырза екіжақтылы келісімнің табысты аяқталғандығына тоқталды.

– Біздің «Өзбекстан әуе жолдары» әуе компаниясымен ынтымақтастығымыз 1993 жылы басталды. Әуе компаниясының паркін кеңейту үшін A320neo-ға тиесілі тағы бір ұшақтың таңдалғаны біз үшін үлкен мәртебе. Біз Орталық Азия аймағында әуе тасымалы нарығының қалай дамып жатқанын бақылап отырмыз. A320neo отбасының заманауи және тиімді ұшақтары «Өзбекстан әуе жолдарының» осы сапарлардан табысын еселеуіне және аймақтағы жетекшілік рөлінің артуына мүмкіндік береді, – деді Шерер. Қазіргі таңда «Өзбекстан әуе жолдары» авиапаркінде 17 Airbus ұшағы бар екен.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1752
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 1243
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2667
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 2247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 3446