Өзбекстан ЖИ-ді дамытуға кірісті

Өзбекстан ЖИ-ді дамытуға кірісті

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 6 қазан күні елде жасанды интеллект технологияларын дамыту және оларды экономика мен әлеуметтік салаларға кеңінен енгізу жөніндегі жиналысқа қатысқан. Бұл туралы Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Бүгінде әлемде жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары экономика, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және басқа да маңызды бағыттарда басты құралдардың біріне айналуда. Жасанды интеллект технологиялары мемлекеттік басқаруда тиімділікті арттыруға, ресурстарды үнемді пайдалануға, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға қызмет етеді. Соңғы жылдары Өзбекстанда да бұл салада жүйелі реформалар жүзеге асырылып, ел жасанды интеллектті енгізу бойынша халықаралық рейтингте 17 сатыға көтерілді. Қазіргі таңда Өзбекстан 188 елдің ішінде 70-орында, Орталық Азия бойынша 1-орында тұр. Президент атап өткендей, бұл жетістіктер саланың алғашқы қадамдарының нәтижесі ғана, алда әлі көп жұмыс күтіп тұр.

Осы мақсатта былтыр 2030 жылға дейінгі Жасанды интеллектті дамыту стратегиясы қабылданып, Цифрлық технологиялар министрлігі жанынан арнайы орталық құрылды.

Жиналыста саланы дамытудың басым бағыттары қаралды. Экономика мен әлеуметтік салаларда жасанды интеллект жобаларын енгізу үшін 50 миллион доллар көлемінде қаржы бөлінген. Денсаулық сақтау, білім беру, ауылшаруашылығы, энергетика, көлік, экология және қаржы салаларын қамтитын 86 жоба әзірленді.

Қазір жасанды интеллектті қолдану үшін қажетті есептеу қуаттарын қамтамасыз ету мақсатында «суперкомпьютерлік кластер» құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«Жасанды интеллектті тезірек дамыту үшін үнемі алдыңғы қатарлы, өзін ақтаған шетелдік және жергілікті тәжірибелерді зерттеп отыру қажет. Бұл үшін салада тиімді жұмыс істеп жүрген отандастарымыз, шетелдік сарапшылар мен жеке сектор өкілдерімен тығыз ынтымақтастық орнату керек», – деді Президент. Таныстырылымда жасанды интеллект саласында заманауи есептеу қуаттарын өз елімізде қалыптастыру, деректер орталықтарын салу және осы бағытқа инвестиция салуға ниетті кәсіпкерлер үшін тартымды орта қалыптастыру қажеттігі айтылды.

Жасанды интеллектті дамытудың ең маңызды факторы – білікті кадрлар даярлау. Бұл жұмысты мектептерден бастау, информатика пәні мұғалімдерін қайта даярлау, жаңа буын оқулықтарын әзірлеу қажеттігі ерекше атап өтілді. 

Сала бойынша кадрлар даярлауды жеделдету мақсатында көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. «Бір миллион жасанды интеллект көшбасшылары» атты ұлттық бағдарлама аясында жастар үшін aistudy.uz және omp.aistudy.uz платформалары іске қосылды. Онда жасанды интеллект бойынша 5 тегін онлайн оқу курсы жолға қойылған. Бағдарлама аясында 2027 жылға дейін 1 миллион жас маман жасанды интеллект саласында білім мен дағдыға ие болады деп күтілуде.

Жастардың болашағы зор жобаларын анықтап, қолдау мақсатында барлық өңірлерде Жасанды интеллект хакатондары ұйымдастырылады.

Жақында Нүкүс қаласында денсаулық сақтау саласына арналған «HealthTech AI Hackathon» байқауы сәтті өткізілді. Бұл тәжірибені кеңейтіп, білім беру, сот жүйесі, су шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту бағыттарында да осындай шараларды өткізу маңызды екені айтылды.

Президент ұсынылған шараларды қолдай отырып, жасанды интеллектті енгізуді одан әрі жеделдету, үздік тәжірибелерді іс жүзінде қолдану, саладағы кадрлар әлеуетін арттыру бағыттарын жетілдіру және кеңейту жөнінде тапсырмалар берді.

 

Аударған – 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ

 

31.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 860

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19763
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19578
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34709
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33283
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37101