ӨЗІҢДІ ҚОР САНАСАҢ…

ӨЗІҢДІ ҚОР САНАСАҢ…

Шымқалада Бақыт деген бір жігіт бар….
Өзі Абайға тиіскіш: “оның оқуы жоқ”, “көргені орыстың дүниесі” және т.т. мәселелерді оқтын-оқтын қозғап тұруға әуес.
Әрине, әуелі ойлап қаласың, “бұл да бір ұлты үшін шырылдап жүрген азамат қой” деп…
Алайда, мұндайда әр саналы қазақ бәрібір де “Абайға тиісудің” ар жағында “қолтық астындағы қолаңса иіс” бар екенін сезеді… Мүмкін, бұл өткен тарихыңа өкпелеу ме, мүмкін, бұл трайбализмнің демікпе түрі ме… – әйтеуір бір нәрсе бар жағымсыз…
Сондықтан мен былай дер едім:
– Ел үшін, Жер үшін, Қазақ деген ұлтымыз үшін, егер бір Абай керек болып жатса, ал ол жоқ болып жатса, онда мен оны қазір де “қолдан жасап” алар едім. Еш шіміркпестен! Ұлттың дамуы үшін Ұлттан шыққан қандай да бір рухани тұлғалардың болуы тиіс! Оның “эталондық сипаты” әруақытта тұлға болмысымен сәйкес келуі міндетті емес. Тіптен, уақыт өте ондай Рухани тұлға аңыздармен толыға береді. Мысалы, Әл Фараби, Қорқыт баба, Асан қайғы, Жиренше шешен, Атымтай жомарт, Қобыланды батыр, Бауыржан Момышұлы және басқалары… Сондықтан, қазіргі заманда біздің пешенемізге Абай бұйырыпты, ендеше біз оның ілімінен тек Адамгершілік, Ұлттық болмыс бастауларын іздеуіміз керек. Жетпей жатса, түрлендіріп табу керек! Өйткені, ол Ұлттық дамудың қазіргі бағыт бағдарының анықтаушысы! Әрі, Халықаралық деңгейдегі “Ұлттық сапаның” айқындаушысы! Бұл сипаттар не Фарабиге, не Абайға тәуелді емес. Ол сипаттар біздің – өз асылымызды қалай танытуымызға, қалай құрметтеуімізге тәуелді!
Егер “жоқ олай емес” десек, онда біз “тарихта түгі жоқ біреуміз”, “иә біз әлемде айтыла бастаған боратпыз” деп, оны ашық айтуымыз керек…
Сонда, соған сай “сый-құрметке” де ие боламыз!
Мүмкін – “мәңгілік борат” атты “құрметті атақ” біздің маңдайға жазылған тағдырымыз шығар, онда!
Бірақ, тарихқа қарасақ – олай емес!
Қазақтың қандай дана халық екенін, әр қазағы өз ойын керемет поэтикалық әсемдікпен жеткізе алатын қабілеті бар халық екенін алыс-жақын зерттеушілер тамсана жазған жоқ па?
Ол жазбалар жойылып кеткен жоқ, әлі тұр тасқа басылған күйі!
Ол – Қорқыттың қобызында, ол – Асанқайғының желмаясы мен жерұйығында, ол – Фарабидің даналығында, ол – Күлтегіннің жазбаларында, ол – Бекет атаның майшамында, ол – қазақтың домбырасында, киген киісінде, жүріс-тұрысында, күлкісі мен мұңында, дастарханында және т.т. тұнып тұр…
Ендеше, Абайды да бұл қатардан сызып тастай алмаймыз!
Ол аз десек, Қазақ болмысы – Батырлар жырында тұр, сан-сан Батырлардың жанкешті батырлықтарында жатыр…
Оны да сызып тастай алмаймыз тарихтан!
Сызып тастасақ – “Бізге Тәуелсіз Ел болудан еш мағына қалмайды, Бақыт бауырым!” дер едім…

“Құлдықтан шыққан – құлдығын аңсайды” деген ақиқи сөз бар.
Осыдан аулақ болайық!
Дүр сілікніп, АСҚАҚ тарихымызды ту етіп көтерейік…
Соған сай әрекет жасайық!

Маңайдағы “империяшыл елдер” де өз тарихын тек шындықпен жасамағанын, олар да “тарихты мифтендіру” арқылы “империялық санаға” ие болғанын естен бір сәт шығармайық, Қазақ Елім!

Құрметпен Әбдірашит Бәкірұлы, философ-публицист.
13.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 15
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 21
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 3
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 9
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 13
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 10
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 18
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 21
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545