28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтіп жатқан дүбірлі дода Парижде өтіп жатыр. Алғашқы екі күнде ел қоржынына ешқандай жүлде түспеді. Бүгін Қазақстан құрамасы паралимпиада ойындарында төрт спорт түрінен сынға түседі. Пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов пен Севда Әлиева сайысқа түседі. Сондай-ақ пара жеңіл атлетикада Гүлбақыт Қайыржанова ел намысын қорғайды. 150 метр қашықтықта пара жүзуден Зүльфия Ғабидуллина өнер көрсетеді. 1/16 финалда пара үстел теннисінде жерлесіміз Әли Мақұлбеков бельгиялық Марк Ледоға қарсы әдемі ойын өрнегін көрсетпек. Ал пара таэкондодада Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі жарысса, волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинамен кездеспекші. Еске салсақ, 31 тамызда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов жалпы есепте 6-шы орын иеленіп, медальға таласуға мүмкіндік алған еді. Ол барлығы 619.5 ұпай жинады (104.6; 102.6; 102.3; 103.0, 103.8, 103.2). Финалда Ғаббасов 247.3 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға ие болып,күмістен алқа тақты. Осылайша, 2024 жылғы Париж ойындарында Ғаббасов Қазақстан құрамасы қоржынына бірінші медальды салды.