Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған халық музыкалық аспаптарының халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған халық музыкалық аспаптарының халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

2024 жылғы 13 маусымда Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде көрнекті қазақ композиторы және дирижёры Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Шабыттың тамыры: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халық музыкалық аспаптарының халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл мерейтойлық дата ЮНЕСКО-ның есте қаларлық күндер тізіміне енгізілген.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі, Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласы музейлер бірлестігі Түркі мәдениеті және мұрасы қорының белсенді қолдауымен ұйымдастырды.

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов, ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттоне, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің бас дирижёры, композитордың қызы және құрметті қонақ – Динара Тілендиева құттықтау сөз сөйледі.

Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде Нұрғиса Тілендиевтің тек қазақ емес, бүкіл түркі фольклорлық музыка дәстүрін халықаралық деңгейде дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оның түркі әлемінің музыкалық мұрасын сақтау мен насихаттаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Көрмеге Ықылас атындағы Қазақ халық музыкалық аспаптар музейі коллекциясынан түркі халықтарының музыкалық аспаптарынан құралған арнайы экспозиция көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Өз өнерлерін Мемориалдық Нұрғиса Тілендиев музейінің қызметкері Еркін Құдайбергенов (домбыра), фольклорлық-этнографиялық «Туран» ансамблінің солисі, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының сарапшысы-зерттеушісі Серік Нұрмолдаев (сыбызғы, шанқобыз, сазсырнай) ұсынды.

18.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14318
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14253
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29393
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28028
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31562