Пашинян: «Біз Арменияның ұлттық мүдделерін басшылыққа ала береміз»

Пашинян:  «Біз Арменияның ұлттық мүдделерін басшылыққа ала береміз»

Газетіміздің өткен аптадағы нөмірінде «Армения Ресейден алыстап бара жатыр ма?» атты сараптамалық мақала жазып, Ресей мен Армения арасында болып жатқан нақты жағдайларға тоқталып өткен едік. Ереванда 3-4 мамыр аралығында 8-ші Еуропалық саяси қауымдастық саммиті, 4-5 мамыр күндері Армения-ЕО алғашқы саммиті өтті. Бұл Мәскеудің қитығына тиген оқиға болғаны сөзсіз. Ресейлік саясаткерлермен қоса ДЕС-тың ардагерлерінің өзі ашық қарсылық танытып жатқан тұста, орысбасы Путин де үнсіз қалмады. Ол 9 мамыр күні тілшілерді қабылдаған кезінде бұл туралы пікір білдірді.

«Менің ойымша, Армения азаматтары үшін де, олардың негізгі экономикалық серіктесі ретінде біз үшін де мүмкіндігінше тезірек шешім қабылдау дұрыс болар еді. Мысалы, референдум өткізу. Бұл біздің ісіміз емес, бірақ принцип бойынша референдум өткізіп, Армения азаматтарынан олардың таңдауы қандай болатынын сұрау толығымен логикалық болар еді. Содан кейін біз тиісті қорытындылар шығарып, жұмсақ, ақылды және өзара тиімді ажырасуды жалғастырамыз», – деді Ресей президенті. Ол сонымен қатар Украинамен салыстырулар жасай келіп: «Қазір Украинамен не болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Бірақ бәрі қайдан басталды? Украинаның ЕО-ға қосылуға ниеттенген әрекетінен»,  –  деді Ереванға ескерту жасағандай етіп. 

Осыған дейін Украина президенті Владимир Зеленскийдің Армениядағы келіп саммитке қатысуы Ресейдің қитығына тиген еді. Ресей Сыртқы істер министрлігі Арменияның Зеленскийге «ЕО насихаттаған соңғы іс-шараларда алаң» ұсынғаны Ресей үшін «мүлдем қолайсыз» деп мәлімдеді. Осылайша Ереван мен Мәскеу арасында бір-бірлерін жазғырған сөздер көбейген тұста Армения басшысы да өз жауабын іріккен жоқ. Бұл туралы Armenpress агенттігі хабарлады.

Пашинян өзінің сайлауалды науқаны кезінде тілшілерге бұл мәселені бұрын Путинмен талқылағанын айтты. «Мен таңдау жасауға заңды немесе нақты қажеттілік болмайынша, мұндай мәселелерді күн тәртібіне қоймаймыз деп айттым. Мен «ажырасу» сөзімен де келіспеймін, себебі парламентте кейде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты некелік қатынастармен шатастыратын кездеріміз бар екенін айтуға мүмкіндігім болды. Мен бұл мәлімдемеге келіспеймін. Армения басқа мемлекеттермен қарым-қатынасында мемлекеттердің логикасын ұстанады. Біз Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесіміз және барлық шешім қабылдауға толық қатысамыз. Қайталап айтамын, біз мұндай мәселелерді қажеттілік болмаса көтермейміз. Біз тек объективті қажеттілік болған кезде ғана референдум өткіземіз. Менің ойымша, қазіргі уақытта мұндай объективті қажеттілік жоқ. Біз Еуразиялық экономикалық одақтағы серіктестерімізге және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуымызға үлкен құрметпен қараймыз», – деді Пашинян.

Ол Арменияның саясаты толығымен ашық және ешқандай қастандықтан ада екенін атап өтті: «Біз теңгерімді саясатты, теңгерімді сыртқы саясатты жүргіземіз, оның негізгі қағидаттарының бірі – құрмет пен мүдделерді өзара тануға негізделген қарым-қатынас. Бұрын айтқанымдай, біз Ресейдің мүдделеріне зиян келтіруді мақсат еткен жоқпыз, мақсат етпейміз де; біз Арменияның ұлттық мүдделерін басшылыққа ала береміз және Ресеймен қарым-қатынасымызды тереңдете береміз, сонымен бірге бұл қарым-қатынастардың сөзсіз трансформациядан өтіп жатқанын мойындаймыз. Мен бұл саяси ұнату немесе ұнатпау мәселесі емес екенін айтқым келеді. Өйткені кейбіреулер мұны менің жеке мінезіме немесе біздің саяси командамызға байланысты деп түсіндіруі мүмкін. Бұл – объективті шындыққа негізделген процесс. Иә, қарым-қатынастарда трансформация болып жатыр және мен бұл трансформацияны оң бағалаймын. Мен сондай-ақ нақтылауды қажет ететін белгілі бір мәселелер, қолайсыздықтар және нюанстар бар екенін түсінемін. Бірақ, менің ойымша, біз бұл мәселелерді тыныш, бейбіт, эмоциясыз және қажетсіз шиеленіссіз шешуіміз керек. Біз осы логика бойынша алға жылжимыз», – деді ол.

Ол Ресей президентімен жұмыс қарым-қатынасы өзара сенімге негізделгенін атап өтті. «Біз ең сезімтал мәселелерді өте тыныш, құрметті және достық атмосферада, дәлелдер мен фактілерге негізделе отырып талқыладық. Мен осылай әрекет ете беремін. Мен Ресей Президентін және Ресейді құрметтеймін. Біз Ресейдің мүдделеріне зиян келтіру ниетінде емес екенімізді қайталаймын. Біз бұрын мұндай ниетте болған емеспіз және болашақта да ондай ниетте болмаймыз, бірақ біз өз еліміздің мүдделерін қорғауға толықтай міндеттенеміз. Әрине, біз ЕО-мен болашақ қарым-қатынастарды тереңдету логикасына сәйкес алға жылжимыз және ЕО-ға кіру процесін бастаған заңдарды, атап айтқанда, демократиялық реформаларды тереңдету арқылы орындаймыз», – деп түйіндеді Пашинян.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
14.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 18
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 19
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 22
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 17

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25118
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24641
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42064
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37927
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42397