Ұлттық статистика бюросы: «Қыркүйектегі инфляция деңгейі тамызбен салыстырғанда 1,8 пайызға өсті. Осы айда инфляцияның ең жоғары өсім қарқыны ақылы қызметтерге байқалды – 2,7 пайыз (2022 ж. тамызда 1,6%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,9 пайызға қымбаттады, ТБИ құрылымындағы қымбаттаудың ең төмен қарқыны азық-түлік тауарларында – 1,2 пайыз. Ақылы қызметтер арасында бір айдың ішінде ең жоғары өсім тұрғын үйді жалға беру саласында байқалды – 13,1 пайыз, білім беру қызметтері 7,1 пайызға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен жиһаз бен тұрмыстық заттар бағасы 5 пайызға көтерілді, жуу және тазалау құралдары 4,4; жеке пайдалануға арналған тауарлар 2; киім мен аяқ киім 1,9 пайызға қымбаттады. Отын бағасы 3; тас көмір 2,9; баллондардағы сұйытылған газ 1,5 пайызға өсті. Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда (2022 ж. қыркүйекте) 1,2 пайыз өсті. Жұмыртқа бағасы 7,5; күнбағыс майы 4,6; күріш, макарон өнімдері әрқайсысы 4,1; тоқаш және ұн өнімдері 3,8; жармалар 3,2; кондитер өнімдері 3,1 пайызға өсті. Бұл ретте, жаңа піскен көкөністер бағасы 10,2; картоп 8,5; құмшекер 5,2; жаңа піскен жемістер 3 пайызға арзандады. Жылдық инфляция деңгейі 17,7 пайызды құрады. 2022 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,2 пайызға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17; ақылы қызметтер 12,3 пайызға көтерілді», – деп хабарлайды.