Патриоттық әндер фестивалі өтті

Патриоттық   әндер   фестивалі   өтті

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Алтын күн» V балалар патриоттық әндер фестивалі болды. Фестивальге қаланың этномәдени бірлестіктерінің көркемдік ұжымдары, жалпы білім беретін мектептер мен ансамбльдердің оқушылары және 6 жастан 16 жасқа дейінгі барлық тілек білдіруші өнерпаздар қатысты. Фестиваль талабына сәйкес, қатысушы талапкерлер жас санаттары бойынша алдын ала іріктеуден өтті.

– «Балалар жылы» аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған әндер сайысы қала бойынша биыл бесінші рет өтіп жатыр. Қатысушылар екі турда да 6 жастан 10 жасқа дейін, 11 жастан 13 жасқа дейін, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша өзара сынға түсті. Ең белсенді 6 мен 13 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Қазылар алқасы 50-ге жуық қатысушыдан ақтық сынға 30-ға жуық талантты таңдап алды. Қорытынды байқаудан өткен жеңімпаздар бағалы сыйлықтар, арнайы дипломдармен марапатталады. Әртүрлі этнос өкілдерінің балалары арасында өтетін бұл фестивальдың мақсаты – патриоттық тәрбие мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, дарынды балаларды анықтау, оларды қолдау, патриоттық ән жанрын насихаттау. Биылға дейін бұл байқау астаналық балалар арасында ғана ұйымдастырылып келді. Алдағы уақытта Патриоттық ән фестивалін басқа да өңірлерде өткізсе деген ұсыныс бар. Эстафета ретінде ұйымдастырған дұрыс па... Ойластыру керек, — дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметінің басшысы Балгүл Мәмен.

Фестивальде «Бақытты бала – Бақытты Ел» Отан, Қазақстан, елорда, туған өлке туралы әндер, «Әлем балалардың көзімен» – ана, балалық шақ, достық және басқа да  тақырыптағы әндер орындалды. Фестиваль қорытындысында әрбір жас санат бойынша үш орынға жеңімпаздар және «Үздік орындаушы» номинациясымен үш жас санаттағы таланттар таңдалды. Фестиваль жеңімпаздары және барлық қатысушылар бағалы сыйлық, дипломдармен марапатталды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 143
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 157
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 431
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 422

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18339
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18199
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33387
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31939
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35698