Педагогика – қастерлі мамандық

Педагогика –  қастерлі мамандық

Қазақта «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген тәмсіл бар. Сол дұрыс айтылған сөз! Сондықтан ұстаз деген қадірлі атты  кірлетпей жүру – бүгінгі жас өскінге аманат! Ұлы Абай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп бекер жырламаған. Бұл жерде кемеңгер ақын ұстаз болудың, педагогика мамандығын таңдаудың қыры мен сырына үңілуге шақырады.

Жалпы педагогқа биіктік пен тереңдік ұғымдары тән. Осы екі ұғым педагог сөзімен тығыз байланысты. Шындығында, педагог – мұхит тұңғиығындай терең білімнің, биік парасаттың иесі. Оның білігі мен білімі тайыз емес, тым тереңде. Ал енді ана да, дана да, ақын да, хакім де – бәрі-бәрі де аяулы да асыл ұстаздан тәлім алады. Бұл – бұлтартпас ақиқат. Қазақта «Бір кісі құдық қазса, мың кісі су ішеді» деген қанатты сөз және бар. Жер бетіндегі барша мамандық иелерін білім нәрімен сусындатып, зейінін ашатын, сан салалы ғылым сырын ұқтыратын бірден-бір мамандықтың бастауында педагогтер тұратынына ешкім дауласа қоймас.  Қазір елімізде білім жүйесі түбірімен өзгерді деуге болады. Бүгінгі ұстаздар мен оқушылар үшін барлық жағдай жасалып отыр. Жаңа оқулықтар шығып жатыр. Мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңарды. Жаңа мектептер көбейді. Әр білім ұясында интернет желісі бар, интерактивті тақталар орнатылды. Көптеген зияткерлік мектептер озық білім ұялары оқушылардың толыққанды әрі сапалы білім алуына жол ашты. Осыған орай мамандықтың атасы саналатын ұстаздар да білімдерін жетілдіріп, шәкірттеріне сапалы білім, тәлімді тәрбие беруге ұмтылып келеді. Өйткені педагог болу жүректің батылдығы дегендей, олар барлық мамандық иесін үйретуші, тәрбиелеуші. Себебі одан қандай да болмасын мамандық иесі дәріс алып шығатынын ұғып отыр. Жан-Жак Руссоның «Педагог болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» дегеніндей, ұстаз тек шәкіртіне білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық та – педагог. Олай дейтінім, педагог еңбегі, біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы да мол мамандық иелері, яғни бүгінгі педагогтер шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.

Өскелең ұрпаққа айтатынымыз, ұстаздық – мамандық атаулының киелісі. Оның киелі екенін ұқпағандар ғана беделін түсіреді. Ұстаз деген атқа лайық әр маман оның киесін ұғады, ешқашан беделін түсірмеуге тырысады. Ұстаз деген ардақты атты алып жүру үшін абыройлы іс жасап, адалдықты ту ету керек. Ең алдымен, ұстаздың басты міндеті – сапалы білім, саналы тәрбие беру. Осы жолда қалтқысыз еңбек етіп, шығармашылық ізденісте жүрген мұғалім ғана жеңістерге жол бастайды. 

Қазіргі күнде әлемде төрт мыңнан астам мамандық бар. Соның ішінде ұстаздық қызмет – қандай қоғам, қандай заманауи өзгерістер болмасын, білім беру саласында маңызды рөл атқарып қала бермек. Халқымыздың даңқты перзенті Мағжан Жұмабаев «Алты Алаштың баласы бас қосқан жерде ең қадірлі орын – ұстаздікі» деген дана ой қалдырған. Атақты  ақынның ұлағатты сөзі техника мен технология қарыштап дамыған бүгінгі күнде де өз өміршеңдігін жойған емес.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 153
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 153
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 339
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 332
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 956

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9028
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8424
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11652
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9408
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10634