Педагогикалық шеберліктің басты шарты – құзіреттілік

Педагогикалық шеберліктің басты шарты – құзіреттілік

Колледж педагогының кәсіби құзіреттілік талаптарында былай делінген: оқытушы психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтың нормаларды білуге міндетті. Оқытушы не білуі, не істеуі керек: - мемлекеттік стандартты сараптап; - өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу; - өз жұмысында басқару функциясын орындай білу (сыныпты, оқу үрдісін басқару т.б); - кәсіби мониторингтің нәтижелерін қолдану; - мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу.

Міне осыдан оқытушының құзіреттілігі көрінеді. Колледж педагогы өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті.

геруге міндетті. Оқытушы үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс-тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны жөн

Оқытушы оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киімкиісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сайлау, олардың құқығын ар-намысын сыйлау.

Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша оқытушы тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Оқытушы жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білім төмен мұғалімді балалардың білімі төмен оқытушыны балалардың өткір сынының өзі-ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстануына әсер етеді

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. 

Ж.А. Бегалы, К.К. Амирбекова, Алматы көпсалалы колледжінің мұғалімдері
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 80
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 85
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 186
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 186
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 328
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 550
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 497

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9201
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8598
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11825
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9595
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10808