Перуашев, сөзіңде тұр, халқыңды алдама!

Перуашев, сөзіңде тұр,  халқыңды алдама!

«Ақ жол» партиясының қазаққа ұнайтын ту етіп көтеріп жүрген екі мәселесі бар. «Ақ жол» – Алаш арыстарының мәртебесін көтеріп жүрген бірден-бір партия. Сондай-ақ белгілі ақын, журналист, қоғам қайраткері Қазбек Исаның демеуімен қазақ тіліне жеке мәртебе беретін заң шығарып, ресми тіл – орыс тілін алып тастауды көптен бері көтеріп келеді. Қазіргі сайлау науқанында олар алдына тағы зор мақсат қойды. «Түбегейлі өзгерістер қажет!» Халықтың діттегені де осы! Жүйе өзгермей, Әділетті Қазақстан орнату мүмкін емес. Елімізде әлі де жемқорлар білгенін істеп жүр. Оларға жойқын шабуыл жасалып, тамырларымен қопармаса, онда істің бәрі бос.

Өткен аптада Алматыда шағын саябақта «Ақ жол» және Перуашев          сайлаушылармен кездесті. Музыкалатқан топтың ортасында бұтында шортигі, үстінде көнетоз күртесі бар қара шал кетіп барады. «Бұл қара шал кім екен?» – деп қарасам, қазақтың емес, Үндістанның атасы Махатма екен. Перуашев мырзаға: «Көтерген тақырыптарыңыз тамаша. Бірақ елдегі жағдайды түбегейлі өзгерте аласыздар ма?» – деген сауал жолданды. Перуашев: «Жасаймыз!» – деді. Мен күмәндандым. Жалпы біздің шенеуніктердің табандары тайғақ қой. Ал егер жасай алмаса, белі көтере алмайтын шоқпарды неге беліне іледі? Бәріне уақыт сыншы. Сайлау да өтер. Сонан соң Перуашевтың әуселесін көреміз. Әзірге «Ақ жолға» ақ жол тілейміз

ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ
16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 140
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 297
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 510

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 140
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 184
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 297
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 296
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 407