Пікірсайыс - өмірлік философия

Пікірсайыс - өмірлік философия

Пікірсайыс (дебат) – бұл негізгі ережелері бойынша жүргізілетін дисскусияның негізгі формасын ұсынатын интеллектуалды, ұтымды ой, үздік образ, шешендік сөздер тудыратын, ораторлық қабілет пен ойлау жүйесін дамытатын дарындылар ойыны, тұжырымды ой түйісетін, салиқалы пікір айтылатын жиын. Пікірсайыстарда жетістіктерге жету үшін өзіндік көзқарас, мықты мінез, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білуге жетелейтін ұмтылыс маңызды болып табылады. Пікірсайыс пен философия егіз ұғым. Пікірсайысшыларды жаңа заманның ойшылдары десекте болады. Ұлыбритания, АҚШ сияқты әлемнің дамыған елдерінің әрбір саясаткері пікірсайыс мектебінен өткен. Сондықтан пікірсайыс – жетістікке жетудің бірден бір құралы. Ойды жүйелеп, өткір сөйлеп қана қоймай, тыңдап, талдап, эмоцияны ақылға билету, мәселенің мәнін ашып, әр тарапты түсіну мүмкіндігін де береді. Сонымен қатар ол – тәртіп пен тәрбие. Бұл ойында пікір таластыра, сөз жарыстыра отырып, тәртіп сақтауды үйренесіз. Дебатқа қадам басқан күннен бастап сөйлеу әдебіңіз сыпайылық түріндегі «Сіз» сөзіне ауысып, айналаңыздағы адамдарға «ханым, мырза» –деп құрмет көрсетуге дағдыланасыз. Ойында қарсылас болсаңыз, өмірде дос болуға ұмтылдыратын тәрбиелілік пен ізгіліктің бастауына ұмтылдырады. Ойын барысында ойыңызды тура жеткізуге, нақтылыққа, жүйелілікке, айтылған қарсы пікірге қарамастан өз ойыңыздыңдұрыстығын дәлелдеуге үйренесіз. Бойыңызда білімділік, батылдылық секілді қасиеттер мен көпшілік алдында әдепті сөйлеу дағдысы қалыптасады.

 

ХХІ ғасыр – Жаңа Қазақстанның білім мен ғылым ғасыры. Білім мен ғылымды ұштастыратын қазық – сөз өнері. Қазіргі кезде стандарттан тыс өз бетінше ойлау қабілетін, логикасын сараптау және синтездеу, жалпылау және сұрыптау, салыстыру және қарама-қайшылықинтуициясын, көңіл-күйін, зияткерлік реакциясын, кеңістік пен уақыт туралы жеке көзқарастарын, шектеулі уақыт ішінде ойларын құрастыру дағдыларын дамытуға күш салу керек. Осы дағдыларды дамытуда пікірсайыстың алар орны орасан зор екенін оқу үдерістерінде байқап, жас пікірсайысшылардыңжетістіктеріне куә боп келеміз. 

 

Солардың бірі және бірегейі «Тұран» университетінің«Sirius» атты Интеллектуалды пікірсайыс клубын атап өткіміз келеді. Жақында оқу ордасында дәстүрлі «Sirius Cup VI» республикалық турнирі өтті. «Тұран» университеті - негізі 1992 жылы қаланған ең алғашқы инновациялық корпорация. Жоғарғы оқу орнында студенттің тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін түрлі ұйымдар бар. Сол ұйымдардың бірі -«Sirius» Интеллектуалды пікірсайыс клубы. Бұл ұйымныңқұрылғанына небәрі 6 жыл болса да, республикалық, аймақтық пікірсайыс турнирлерінің жеңімпаздарын дайындап, көптеген биіктерге жетіп үлгерді.

Сәуір айының алғашқы күндерінде тұғырлы Тұранныңқолдауымен мектеп оқушыларына арналған кезекті Sirius CUP VI турнирі жоғарғы деңгейде өтті. Тартысты додада қатысушылар берілген ең басты жүлде қоры «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанович Алшановтың атынан «4 жылдық ректорлық грант»  үшін барын салып, қызықты ойын көрсетті.

Аталмыш турнирге Қазақстанның 7 аймағынан 64 фракция,128 пікірсайышы қатысып, бақ сынасты. Турнир барысында мектеп оқушылары әлемдік маңызы бар тақырыптарда ой жүгіртіп, өзара пікір алмасып, қызу талқылау жүргізді. 

Екі күнге созылған турнирдің нәтижесі бойынша, 128 фракцияның ішінен өзінің ой жүйріктігімен топ жарған Ақтөбелік «Жас талпын» фракциясының  спикері Зейнелғабылова Жаннұр «Ең үздік спикер» атанып, «Тұран университетінің 2 жылдық ректорлық грант иегері атанды.

«Үздік талпыныс» номинациясымен  «Жабғу» фракциясының спикерлері Кадылбек Мөлдір мен Акимжан Аружан марапатталып, арнайы қаржылай сыйлыққа ие болды.

Турнирде топ жарып, жүлделі үшінші орынға Қарағанды облысынан ат терлетіп келген Хапан Бекжан мен Мағамет Жібекжан жайғасып, «Тұран» университетінің 1 жылдықректорлық грантын иеленді.

Өзінің білім көкжиегінің кеңдігі мен білімге деген ынтасының арқасында жүлделі екінші орынға Оқан Асыл мен Бақытбек Ақбота жайғасып, еліміздегі үздік жоғарғы оқу орындарының бірі ретінде танылған «Тұран» университетінде 2 жыл тегін оқуға мүмкіндігіне ие болды.

Ұшқыр ойы мен үздік талпыныстарының арқасында Алматылық оқушылар Сұлтанбек Мұхамедали мен Мельс Жібек 1-ші орынды иеленіп, турнирдің ең басты жүлде қоры - «Тұран» университетінің 4 жылдық ректорлықгрантын жеңіп алды.

Осылайша жас пікірсайысшыларға үлкен мүмкіндіктер сыйлаған Тұран уриверситетінің «Sirius» Интелектуалды пікірсайыс клубының президенті Дастан Серік өз пікірімен бөлісті: “Барша бақ сынасқан жас пікірсайысшыларды «пікірсайыс» әлеміне басқан алғашқы қадамдарымен, көрсеткен жоғары нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердіңалар асуларыңыздың биік, бағындырар белестеріңіздіңкөп екендігіне сенеміз. Жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!

Сонымен қатар, «Sirius Cup VI» турнирінің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқан демеушілеріміз бен университет басшылығына, «Тұран» университетініңректоры Рахман Алшанович Алшановқа аса құрметпен алғыс білдіреміз!”

 

Рауан МУТАИР
27.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 100
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 100
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 619
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 737
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 648
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 658

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404