Полиция рухтың да күзетшісі болуы керек

Полиция рухтың да  күзетшісі болуы керек

Ескерту: Бірнеше күннен бері әлеуметтік желі беттерінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Ішкі істер мекемелеріндегі кейбір қызметкерлердің «құқықтары тапталып, басшыларынан таяқ жеп, қорлық көріп жүргендігін» аңыс еткен видеороликтер тарала бастады. Полицейлердің кейбір заңгерлерден араша түсуін сұраған жазбаларында «басшыларымыз газеттерге зорлықпен жаздыртады. Оны ешқашан көрмейміз» деген жолдар бар екен. Осы төңіректе қызу пікірталастар жүріп жатыр. Біз солардың арасында Абай Балажан мырзаның мына пікірін автордың рұқсатын ала отырып, газет оқырмандарына ұсына кетуді жөн көрдік. Себебі Абай мырзаның пікірінде біраз жайттың басы қайырылғандай екен.

«Qazaqstan dauiri» газетінің редакциясы

Бұрынғылар «мені оқытпадың ғой»  деп шағымданушы еді, енді «маған газет оқы деп қинайды» деп жылағанды да көрсетті Құдай! Газеттен ақпарат оқимын десең, артың мәлім болғаны. Газет – ақпарат құралынан бұрын идеология құралы, руханиятыңның айнасы! Осыған ақылы жетпей отырған адамды кім басынбайды?! Әрине, бәрі басынады! Ал, полиция күштік құрылым ғана емес, рухтың да күзетшісі болуы керек еді. Ол үшін кішкентай да болса ақыл керек еді. Сол кішкентай ақыл болғанда «шеруге шыққан кемпірлердің жамбасынан теп!» деген Тазабековтің уағызына алданбас еді. Қайта сол сөзді өңкей полицияның алдында шімірікпей айтып отырған Тазабековтың өзінің жамбасын теуіп сындырар еді. «Оңбаған, ол кісілер аналарымыз емес пе, сен біздің аналарымыз туралы не айтып тұрсың?» – деп. Тіпті жат дін өкілдерін кеңселерінің маңына ғана емес, тұтас Қазақстанға жолатпас еді. Рух күзетшісі болу деген – сол! Ал, оған білім керек! Өкініштісі, ешқандай ақпарат саған білім бермейді, бар болғаны мәлімет береді. Білімді газеттен, журналдан, кітаптан табасың! 

Мен Ішкі істер министрі болсам, кемі 10 кітап оқымаған, күнделікті газет-журнал парақтамаған бозбастарды полицияға жолатпас едім! Бұлар өз бастарына май жаға алмай отырып, кімнің құқын қорғап, қарық қылмақшы?! Бастығының бетіне тіке қарап әңгіме айта алмайтын, оның сорақы қылықтарына бетпе-бет келіп қарсыласа алмайтын осындай полицейдің қолына өзінен әлсіз қарапайым адам түспесін деңіз! Ол кезде білгендерін істейді! 2011 жылы Жаңаөзенде осындай полицейлер емес пе еді қарусыз халықты жусатып салған?! Сол кезде «бастығымыз бізді зорлап, халыққа қарсы оқ атқызып жатыр» деп бір полицей шағымданды ма? Енді «бізді газетке жазыл деп қинайды» деп шағымдана қалыпты. Газетке жазыл деп қинаған аз, замполиттері оқыған дүниесінің түсінігін сұрап отыру керек! 

Қалай болғанда да полиция қатарында қызмет ету үшін дене күшінің ғана болуы аздық етеді, ақыл күші де керек екен, соған көз жетті.Таусыла сөйлегеніме ренжімеңдер, тәртіп сақшылары! Мына тірліктерің сендер істейтін тірлік емес еді! Түйенің жарты етіндей, жарты етіндей болып, «пәленше бізге күш көрсетеді» деп қыз баланың алдында кемсеңдеу... Бар болыңдар, әйтеуір, мынадан кейін сендерге айтарға сөз де жоқ екен! 

Сендерге сеніп жүрген халықтың да маңдайының соры бес елі екен!

 

 

Абай БАЛАЖАН
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 286
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 907

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588