Полиция ҮЕҰ-мен бірге

Полиция ҮЕҰ-мен бірге

Жуырда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде Орал қалалық полиция басқармасында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Тәуелсіздік жылдарындағы ішкі істер органдарының жетістіктерін таныстыру бағытында Қазақстанның X Азаматтық форумы қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға Оралдағы үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, басқарманың басшылық құрамы, ардагерлер кеңесінің төрайымы, БҚО Полиция департаменті және қалалық жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімінің аға инспекторлары, өзге де мүдделі бөлініс басшылары қатысты.

Дөңгелек үстелде алғаш сөз алған БҚО ПД ЖПҚб әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Дильяра Саттарова тәуелсіздіктің 30 жылдығында полиция қызметінің қол жеткізген жетістіктері мен үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтаса атқарылған іс-шаралар нәтижесіне тоқталды.

Орал қалалық ПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуанышқали Меңдіғұлов басқарманың тәуелсіздік жылдарындағы жемісті жұмысы туралы баяндап, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен полиция басқармасы арасында тиімді байланыс орнағанын атап өтті.

– Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен тығыз байланыста жұмыстануда. Олардың қырағылығымен көшеде әйел адамдарға күш көрсетіп, ашық түрде заттарын, сөмкелерін тартып алған күдікті лезде табылып, азаматшалар алғыстарын жаудырды. Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Марат Байарстанов облыс деңгейінде үздік деп танылып, 2019 жылы ел Президентімен кездесу құрметіне ие болды. Ал 2020 жылы бір қызметкеріміз «Жыл волонтері» атағын иеленді. «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсету жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған ювеналдық полиция бөлімшесінен Мәдина Ерқуатқызын мақтан етеміз, – деген Қуанышқали Шаяхметұлы сақшылардың жетістіктеріне тоқталды.

Отбасы құндылықтары, жанұядағы ата-ананың рөлі, бала тәрбиесі жөнінде сөз қозғаған дөңгелек үстелге қатысушы Клавдия Саматқызы өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

«Аналар үйінің» үйлестірушісі Зәмзәгүл Зайытқызы өзі басқаратын мекеменің жұмысы, қайырымдылық шаралары туралы әңгімелеп, болашақта полиция басқармасымен бірлесе жұмыстануға ниет білдірді.

Өткен жылғы мамыр айынан бастап Орал қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы жұмыс жасауда. Нәтижесінде 2021 жылдың есептік кезеңінде қала аумағында барлығы 1285 арыз-шағым тіркеліп, 991 қорғау нұсқамасы қойылған. Аталмыш топтың қызметі де осы дөңгелек үстел барысында сөз болды. Дөңгелек үстелде үкіметтік емес ұйым өкілдерінің пікірлері тыңдалды. Олар әр бастамаларының қолдау табатынына сеніп, түрлі мәселелерді бірлесе шешу – тиімді нұсқа екенін баса айтты. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 194
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8576
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784