Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Али Идаят оглы Асадовпен телефон арқылы сөйлесті.
Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі А.Асадов Ә.Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. А.Асадов деструктивті күштердің агрессиясы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты, сондай-ақ еліміз үшін осы қиын сәтте Қазақстан халқына деген қолдауын білдірді.
«Әзербайжан – Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі. Біздің елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог және екіжақты қарым-қатынастардың кең саласы бойынша жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылған. Біз өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге ниеттіміз», – деді Ә. Смайылов.
АР Премьер-Министрі А.Асадов ҚР Премьер-Министрі А.Смайыловты өзіне қолайлы уақытта Әзербайжанға келуге шақырды.
Әзербайжан – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $261 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен үш есе көп және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден едәуір артық. Биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.