Премьер-министрдің тапсырмасы

Премьер-министрдің тапсырмасы

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Тамара Дүйсенованы таныстырды.  Үкіметтің баспасөз қызметі: «Әлихан                       Смайылов қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Үкімет халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындауы керек. Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету, еңбек дауларының алдын алу бағытында тиімді жұмыс жүргізу қажет. Алға қойылған барлық тапсырмалар уақытында және сапалы орындалуы тиіс екендігін қадап айтты. Үкімет басшысы Тамара Дүйсенованың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 20 жылдан астам уақыт бойы басшылық қызметтерде болғанын, елімізде еңбек қатынастарын қалыптастырып, әлеуметтік саясатты нығайтуға зор үлесін қосқанын атап өтті. Тамара Босымбекқызы ең тәжірибелі, іскерлік қабілеті өте жоғары басшылардың бірі. Жаңа министр Мемлекет басшысының сенімін ақтап, министрліктің жұмысына жаңа серпін береді деп ойлаймыз деп атап өтті», – деп хабарлайды.

Ермек САХАРИЕВ
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 165
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 175
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 451
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 883

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18355
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18219
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33403
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31958
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35717