Президент Ләззат Шыңғысбаеваны қабылдады

Президент  Ләззат Шыңғысбаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуір күні «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан халқына» қоры қызметінің нәтижелері және іске асырып жатқан қайырымдылық бастамалары туралы мәлімет берілді. Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, қордың қамқоршылық кеңесі әлеуметтік маңызы зор міндеттерді шешуге бағытталған 134 қайырымдылық бағдарлама мен жобаны бекіткен. Мемлекет басшысына қордың білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында ауқымды шаралар атқарып жатқаны жөнінде баяндалды.

Атап айтқанда, онкологиялық қызметке қолдау көрсетіліп, медициналық ұйымдар заманауи құрылғылармен, соның ішінде сәулелік терапияға арналған қондырғылармен жабдықталды. Сондай-ақ өңірлерде оңалту инфрақұрылымы жаңғыртылып, мамандандырылған көмек көрсету жолға қойылды.

Білім беру бастамаларына ерекше назар аударылып отыр. Гранттар тағайындалып, ауылдық және шағын жинақты мектептерді дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр. STEM-білім беру мен цифрлық шешімдер секілді заманауи оқу бағдарламалары енгізілуде. Балалар мен жастардың қосымша және озық біліммен қамтылуына, жасанды интеллект саласын игеруіне баса мән берілген. Осы орайда аймақтарда білімнің қолжетімді болуына ден қойылған. Бұдан бөлек, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, инклюзивті спорт орталықтарын құру жобалары қолға алынған.

Мемлекет басшысы қайырымдылық шараларын ашық, жүйелі әрі мақсатты түрде іске асырудың маңызына тоқталып, бұл бастамалар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып отырғанын жоғары бағалады.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры (ресми атауы – Қазақстан халқына қоғамдық қоры) – елдегі ірі қайырымдылық қорлардың бірі. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2022 жылы 11 қаңтарда құрылды. Қордың негізгі мақсаты – мемлекет толық қамти алмай отырған салаларда халыққа қосымша көмек көрсету. Мысалы – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт, төтенше жағдайлар кезіндегі көмек көрсету сынды бағыттарды қаржыландыруды, көмек беруді көздейді. Қысқаша айтқанда, бюджеттен бөлек, қайырымдылық және бизнес қаржысы арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған құрал. Бір деректерде 100-ден астам қайырымдылық жобаны жүзеге асыруға 186 млрд теңгеден астам қолдау көрсеткен. Жалпы жобаларға 240 миллиард теңге қаржы бөлген.

Бұлардың ішінде ауыр дертке шалдыққан науқастарды емдеу, қымбат операциялар жасау, ауыл мектептерін дамыту (тірек мектептер жобасы), балаларды қолдау, инклюзивті спорт, әлеуметтік осал топтарға көмек, төтенше жағдайлар кезінде (су тасқыны, т.б.) көмек сынды негізгі бағыттарды қаржыландырған. Қор еліміздің барлық аймағында жұмыс істейді.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
15.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24418
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24082
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41528
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37434
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41788