ҚАЙРАН МҰХАҢ... ҰЛЫ МҰХТАР ӘУЕЗОВ

ҚАЙРАН МҰХАҢ... ҰЛЫ МҰХТАР ӘУЕЗОВ

Ескі альбом

___________

«Шешен, тапқыр, ойлы сөйлейтін. Тіл заңын еркін меңгергені сондай, кейде сөз жасап тұратын. Орысшасы да сондай болатын. Бірақ бүкіл ойлау жүйесімен қазақ еді. «Орысша жақсы білесіз, неге орысша жазбайсыз?» деген сұраққа: 

– Пәлі, орысша жазу үшін орысша тіл білу жеткіліксіз. Орысша түс көру керек. Мен ылғи түсті қазақша көремін, – деп жауап берген.

Жай сөйлегеннің өзінде бейнелі сөздерді көп қолданатын.

Ғабитке бір ашуланғанда: 

– Өй, сен өзің, бұзаулай алмай жатқан сиырша ыңыранасың да отырады екенсің, – деген.

Шәкен Аймановқа бір ренжігенде:

– Өй, сен өзің, бет-аузың өгіздің әукесіндей болып... – деген сөздері ел есінде.

1955 жылы қазақ жазушылары мен журналистерінің бір тобы шетелден келетін бір делегацияны қарсы алуға жиналды. Күн демалыс еді. Зейнолла Қабдолов («Әдебиет және искусство» журналының редакторы) екеуміз (мен «Пионер» журналында редактор) елуге толған Әбу Сәрсенбаевтың үйінен шығып, бардық. Аэропортта Мұхаң бастаған біраз адамдар жүр екен. Шетел қонақтарын күту дәстүрі қалыптаса қоймаған кез ғой, неге екенін білмеймін, Мұхаңның қолына гүл дестесін ұстатып қойыпты (кейін оны қыздар тапсыратын болды ғой). Мұхаң оны басын төмен салбыратып ұстап тұр екен. Кенет Үкімет адамдары шыға келді. Басшысы – Қазақстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Төлеген Тәжібаев. Төкең Мұхаңның қолында басы төмен салбырап тұрған гүлдестені көрді де: 

– Мұха, ұстап тұрғаныңыз сыпырғыш емес қой, – деп қатқылдау ескерту жасады.

Мұхаң шарт ете қалды: 

– Өй, сен өзің, аузын шымшып тіккен қап сияқты, тырсыясың да тұрады екенсің! – деді.

Мұхаңнан қалған мұндай ұтымды сөздер көп. Бірде Мұхаң бір себептермен шақырған үйге кешігіңкіреп келеді. Келсе, төрдегі орынның бәріне ел отырып қойыпты. Қарапайым чиновниктер жазушы келді деп ысырылып орын ұсынбапты. Мұхаң төмендеу отырып қалыпты. Үй иесі бұған қысылыңқырап: 

– Мұха, төмендеу отырып қалдыңыз-ау! – деп, бір жағы бұған, бір жағы қонақтарға қарап жалтақтағанын көрген Мұхаң: 

– Уақасы жоқ, қарағым! Мен отырған жердің бәрі төр ғой, – деп жұбатыпты.

Бірде мезгілсіз қайтқан жас адамның үйіне барып отырып, әке-шешесіне:

– Өлім арсыз ғой. Көрінбей келіп ұрады. Жас адамды аямайды. Егер көзге көрінсе, қолыма түссе, мен оның осы арсыздығын айтып, бетін шиедей қылар едім, – деп көңіл айтқан».

(Академик Серік Қирабаевтың естелігінен)
18.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 247
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 319
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 272
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 307

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4134
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4537
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5722