Қасиетті Рамазан айында «Харекет»қайырымдылық қоры Сатбаев қаласында орналасқан екі бөлмелі пәтердің кілтін Мағрипа Бижұмановаға табыстады. Мүмкіндігі шектеулі екі баласы бар әйел Жезді кентінде ескі үйде тұрған.
– Біз өткен жылдан бері осы отбасымен таныспыз. Мағрипа Бижұмановаға пеш жағу және ұлдарына күтім жасау қиын екенін ескере отырып, біз оған Сәтбаевта жайлы екі бөлмелі пәтер беруді шештік. Ол аурухананың жанында орналасқан. Бұл «Харекет» қоры сыйға тартқан Жезқазғандағы 20-пәтер. Біздің алдымызда көптеген жоспарлар бар. Мүмкіндігінше біз түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырамыз, – деді Жезқазғандағы «Харекет»қайырымдылық қорының өкілі Ерлан Сүлеймен. ⠀
«Харекет» ҚҚ 2017 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде ол еліміздің 700-ге жуық отбасын баспанамен қамтамасыз етті.