Қала әкімі жайдарманшы жастармен жүздесті

Қала әкімі жайдарманшы жастармен жүздесті

Жуырда Астана қаласында өткен «Маусымашар – 2023» Жайдарман ойынында 9 команда Жамбыл облысының намысын қорғаған болатын. Іріктеу ойындарының нәтижесінде «Медиум» және «Жуалы» командалары жоғары лигаға жолдама алды. Бүгін астарлы әзілмен көңілдің кілтін тауып жүрген «Медиум» құрамасының мүшелерін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қабылдады. Көңілді әрі тапқыр жастарды қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов бастап келді.

Қабылдау барысында «Жайдарлы жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоғары лигаға жолдама алған «Медиум» құрамасының капитаны Юсуп Еламан команданың алдағы жоспарларын бөлісті. Өз кезегінде шаһар басшысы жігерлі жастарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта командаға қолдау білдіретінін және облыс намысын қорғап жүрген Тараз жастарына қашанда жанкүйер екендігін жеткізді. Кездесу соңында қала әкіміне республикалық «Жайдарман» ойындарының президенті Есен Елеукеннің арнайы Алғыс хаты табыс етілді.

Тараз қаласы әкімдігі
20.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 32
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 87
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 31
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 30

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24051
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23719
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41199
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37123
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41384