Қала тазалығын сақтау – баршамызға ортақ іс

Қала тазалығын сақтау – баршамызға ортақ іс
Айналаны таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту – әр адамның міндеті. Дегенмен, осыны жете түсінбей, шаһар тазалығына немқұрайлы қарайтын жандардың қатары азаяр емес. Ал оларды тәртіпке шақыру үшін қадағаны күшейту аса маңызды. Осы мақсатта қала аумағында құрылыс қалдықтарын, стихиялық қоқыстардың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан үнемі бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Нәтижесінде, ағымдағы жыл басынан бері қала тазалығына, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірген 60 жағдай анықталып, оның 51-іне ескерту берілсе, 9 адамға айыппұл салынды.
Ал, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орындарға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде жыл ішінде 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адам айыппұл арқалаған еді.
Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңгені құрайды.
 
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
15.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540