ҚАЛА ЖАНАШЫРЛАРЫ

ҚАЛА   ЖАНАШЫРЛАРЫ

Ақтөбе облыстық бокс федерациясының атқарушы директоры Абзал Сексенбаев бастаған федерация ұжымы шаһардағы Ы.Алтынсарин көшесіндегі №21 үйді жаңартып, тұрғындарға қуаныш сыйлады. Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет үйлері жаңарған тұрғындармен бірге бокс федерациясының ұжымына демеушіліктері үшін алғысын жеткізді. 

1950 жылы салынған екі подъезден, 8 пәтерден тұратын өзіндік архитектуралық стилі бар екі қабатты үй – ескі қаланың тарихын сақтап тұрған ғимараттардың бірі. Сондықтан бұл үйді заманға сай жөндеу емес, әу баста салынған сәулеттік стилін, тарихи қалпын сақтап реставрациялау туралы шешім қабылданды.

– Ескі қалада осындай жаңартуды күтіп тұрған үйлер аз емес. Кәсіпкерлер, жанашыр азаматтар қалаға скверлер, саябақтар салып көмектесіп жатыр. Бұл үйді қалпына келтіру эсперимент болды. Алғашқы тәжірибеміз, енді бұдан әрі де жалғастыратын боламыз, – деді Азамат Бекет. 

Үйді жаңарту жұмысын өз қаражатымен жүзеге асыруға кіріскен команда екі айдың ішінде қалпына келтіріп, тапсырып отыр. Тіпті үйдің әр терезесінің алдына гүлге дейін отырғызып берген. Бұл үйде негізінен қарт адамдар тұрады. Олар қала әкіміне және бокс федерациясына алғыстарын жаудырды. 

– Біз спорт саласын дамытуға ғана емес, қаламызды көркейтуге үлес қосуды жөн көрдік. Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бауыржанұлының ұсынысын қабыл алып, осы өзіндік тарихи келбеті бар үйді қалпына келтіріп бердік. Сыртын жай бояп қойғанымыз жоқ, арнайы сеткамен қаптап, декоративті сылақ қолдандық. Терезе жақтауларын, подъезд ішін қалпына келтірдік. Тұрғындар жұмысымызға риза, – деді Ақтөбе облыстық бокс федерациясының атқарушы директоры Абзал Сексенбаев.

 М.ТАБЫН

10.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26496
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25924
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43319
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39120
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43726