Қандай мұғалім аттестаттаудан босатылады

Қандай мұғалім аттестаттаудан босатылады

Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова қандай мұғалім аттестациядан босатылатынын айтты.

Ол брифингте Тараз қаласы білім бөлімінің 2023 жылғы атқарған жұмыстары жайлы баяндап берді.

2023 жылы 2 724 педагог біліктілікті арттыру курстарынан, 897 педагог аттестаттаудан өтті. Оның ішінде 194-і “Педагог-зерттеуші”, 189-і “Педагог-сарапшы”, 514-і “Педагог-модератор” біліктілік санатын алды, - деді Раушан Қожамжарова брифингте.

Ол атап өткендей, педагогтердің аттесттаудан өту талаптарына өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда барлық мұғалімге өзгерістерді таныстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ол қандай өзгерістер:

1. Аттестаттау комиссиясы қаңтар-маусым айларында жұмыс жасайды және жылына 1 рет шешім шығарады, осылайша педагогтер 1 қыркүйектен бастап жалақыларына тиісті үстемақыларды алуға мүмкіндік алады;

2. Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарын қалыптастыруға жәрдем деседі. Бұл ұжымдағы келісім мен өзара ынтымақтастықтын нығайтуға септігін тигізеді, әрбір аттестаттаудан өтетін педагогке ұжым басшылығы тарапынан нақты қолдаулар көрсетіледі;

3. Егер педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалыстан шықса немесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолданыс мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады (бұрын 1 жыл);

4. Екінші, бірінші, жоғары санаттағы (ескі формат) педагогтерге қолданыстағы форматқа ауысуға жақсы мүмкіндіктер қаралған: олар кез келген біліктілік санатына арыз бере алады ("шеберден" басқа) және оң нәтижелер болған жағдайда таңдаған санаты бекітіледі.

5. Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады.

6. 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері біліктілік санатын растау кезінде тестілеу тапсырудан босатылады.

BAQ.KZ тілшісі.
27.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1321
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1711
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1717
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1710
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1720
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1500

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12559
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11463
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14699
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13650
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18669