Қант қызылшасының алқабы ұлғаймақ

  Қант қызылшасының алқабы ұлғаймақ

  Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі: «Жетісуда қант қызылшасының егіс алқабы алдағы 4 жылда 15 мың гектарға дейін ұлғаймақ. Нақтырақ айтсақ, 2023 жылы – егіс алаңы 8,1 мың га, 2024 жылы – 10,7 мың га құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 12,2 мың га дейін жетеді. Жалпы, биыл бұл дақыл түрі 6,2 мың гектарға себілді. Одан 210 мың тонна өнім жинап, 20 мың тоннаға жуық қант өндіру жоспарда бар»,— деп хабарлайды.  Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, соңғы 7 жылда қант қызылшасы егістігінің аумағы жеті жарым есе (2014 жылы 1,2 мың га құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 8,9 мың га жеткен), қайта өңдеуге өткізілген өнім көлемі 20 есеге артқан (9,9 мың тоннадан 196 мың тоннаға дейін). Қант өнімін облыста Көксу және Ақсу қант зауыттары өндіруде. Биыл шаруаларға өткізілген өнімнің әр 1 тоннасына 30 мың теңгеден төленбек. Яғни, зауыт тарапынан – 15 мың теңге, субсидия есебінен – 15 мың теңге беріледі. Бұл былтырғымен салыстырғанда 8 мың теңгеге артық. Өткен жылдан бері Көксу қант зауыты құрақ қантын өндіруді қолға алды. 2021 жылы 41 мың тонна шикізат өңделіп, 40 мың тонна құмшекер алған. Ал, осы жылы 48 мың тоннаға квота алып, бүгінге 30 мың тонна шикізат өңделді, Сонымен қатар осы қараша айында  Ақсу қант зауытында қамысты қайта өңдеу желісін орнатып,  қолданысқа беру жоспарлануда. Осылайша қос зауыт та жыл бойы жұмыс жасап, қамыс құрағы мен қызылшаны өңдемек. Сондай-ақ Алакөл ауданындағы үшінші қант зауытын іске қосу көзделіп отыр. Облыс басшысы Бейбіт Исабаев: «Қант өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, Көксу қант зауыты және «Магнум», «Смолл», «Тоймарт» сауда кешендері арасында 2 мың тонна қант өнімін келісі 450 теңгеден сатуға қатысты арнайы меморандумға қол қойылған. Сондай-ақ, Ақсу қант зауытымен айналым схемасы бойынша 1500 тоннаға келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта Жетісу облысында 12 аттестатталған тұқым өндіруші бар. Олар 1,4 мың тонна жүгері тұқымын, 10,5 мың тонна дәнді, масақты дақылдар тұқымын және 2,5 мың бірлік қант қызылшасын себеді. Келесі жылы Кербұлақ ауданындағы «Агрохолдинг» компаниясы өз базасында картоп тұқымын өндірмек. Осы бағытта алдымен 60 га жер игеріліп, одан 1,8 мың тонна тұқым алу жоспарда бар. Бұл  қажеттіліктің 30 пайызын қамтамасыз етпек. Үшарал, Жаркент, Талдықорған қалаларында қосымша қоймалар салу қажет. Сонымен қатар заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Облыста бүгінгі күні 20,3 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Олардың 65 пайызы 10 жылдан астам уақыт пайдаланылуда. Жаңарту деңгейі жылына орта есеппен 4 пайызды ғана құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес, өңірге 500-дей жаңа техника сатып алу қажет. Бүгінгі таңда 3,9 млрд.теңге сомасына 375 бірлік техника әкелінді. Осылайша жоспар 80 пайызға орындалған. Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, олардың қажеттілігі шамамен 31 мың тонна. Осы жылы олардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 1,7 есе өскен. Минералды тыңайтқыштардың құнын арзандату мақсатында, бюджеттен 1,5 млрд.теңге субсидия қарастырылып, 12,1 мың тонна тыңайтқышқа 1,0 млрд. теңге төленді. Жалпы, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында 1,8; саудада 3,2 пайызға дейін өсім бар. Облыс экономикасына 19,8 пайызға өсіммен 91 млрд.теңге инвестиция тартылған»,— деген деректермен бөлісті.

Ермек Сахариев
27.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 185
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666