Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов: «Қаңтар оқиғасына қатысты күдікке ілінгендердің ішінде нақты түрме мерзімін арқалағандар саны белгілі болды. Қазір 349 күдікті қамауда жатыр.
Түрме мерзімін арқалағандар – ғимараттарды қирату, өртеу, қару-жарақ ұрлау, мемлекеттік мекемелер мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандар. Мұның бәрі жеткілікті түрде тексерілген. Қаңтар оқиғасы бойынша жауапкершілікке тартылған 545 адамның 429-ының ісі қылмыстық іс бойынша сотқа жолданды», – деп мәлімдеді.
Қаңтар оқиғасынан кейін алты айдан астам уақыт өтсе де құрбан болған қазақстандықтардың ресми тізімі әлі жарияланған жоқ. Қаңтар оқиғасынан кейін жүздеген адам ұсталып, оларға «терроризм», «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру», «заңсыз қару-жарақ сақтау» секілді айыптар тағылған. Осыған орай қамалғандарға күш қолдану, қинау фактілері де қоғамда жиі айтылады. Тергеу кезінде қызметін асыра пайдаланған орган қызметкерлері туралы да ақпарат аз айтылмайды.