Қарағанды облысын бөлу жоспары ұсынылды

Қарағанды облысын бөлу жоспары ұсынылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойыншақұрылатын Ұлытау облысына қандай қалалар менаудандар кіре алатыны белгілі болды. Қарағандыоблыстық мәслихатының XII, кезектен тыссессиясында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтықбөлінісі талқыланды.

Ұлытау облысына Жезқазған, Қаражал, Сәтбаевқалаларын, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарын қосуұсынылды. Халық саны 227 200 адамды құрайды.

Қарағанды облысында Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозерскқалалары, сондай-ақ жеті аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шетаудандары қалады. 1 145 000 адам халық санымен.

– Облыста Ұлытау облысын құру бойыншаәкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешуалгоритмі әзірленді. Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында 12-13 сәуірдежоғарыда аталған өңірлерді құрылатын Ұлытауоблысының құрамына енгізу мәселесі бойыншамәслихаттардың қалалық және аудандық сессияларыөткізілді. Сессия қорытындысы бойынша тиістібірлескен актілер алынды, – деп баяндады экономикабасқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Оның айтуынша, өңірді бөлудің орындылығытуралы ғалымдардың оң қорытындысы алынды. Ғылыми сараптама Е. А. Бөкетов атындағыҚарағанды мемлекеттік университетінде жасалды.

Жүргізіліп жатқан қайта құрулар бойынша тиістіэкономикалық есептеулер жүргізілді.

Үкіметке Қарағанды облысының шекарасынөзгерту туралы ұсыныстар енгізілетін болады. Схемалық Карта жобалары әзірленді.

– Шешім тексерілді. Аймақтың бөлінуі барлықжағынан қарастырылған. Тұрғындардың пікірлеріескерілді, – деп атап өтті Қарағанды облысыныңәкімі Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетейік, 16 наурызда ҚР ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнағанЖолдауында Жезқазған қаласында орталығы баржаңа Ұлытау облысын құру бастамасы туралы айтқанболатын.

Жомарт Шаймұрат
15.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28260
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27742
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45106
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40756
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45427