Қарағанды облысында 10 сәуірде әкімдердісайлау жүргізіледі. Олар тек ауылдар мен кенттердеғана өтпейді. Халық дауыс беру арқылы Абайқаласының әкімін сайлайды.
Аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Абай әкімінің лауазымына төрт кандидат тіркелген. Солардың бірі –қазіргі қала басшысы МедеуАхметов, ол «Amanat» партиясының атынан сайлауғатүседі. Оған өзін-өзі ұсынған екі мемлекеттікқызметші – аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары бөлімінің басшысы АқниетАбжатов және дене шынықтыру және спорт бөлімініңбасшысы Амангелді Нұрмұханов бәсекелес болады. «Қазақстанның Халық» партиясынан сайлауға спортклубының жаттықтырушысы Гүлнар Қосаевақатысады.
Оныншы сәуірде сондай-ақ келісі елдімекендердің әкімдері сайланады:
- Жезқазған қаласының Кеңгір кенті;
- Абай ауданының Есенкелді және Құрмаауылдық округтері;
- Ақтоғай ауданы Шабанбай ауылдық округі;
- Бұқар Жырау ауданы Көкпекті ауылдықокругінің Ақтөре ауылы;
- Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі;
- Қарқаралы ауданы Темірші ауылдық округі;
- Нұра ауданының Құланөтпес ауылы;
- Осакаров ауданының Қарағайлы және Пионерауылдық округтері;
- Ұлытау ауданы Қарсақпай кенті.