Қарағанды қаласының Достық үйінде бірлік күніқарсаңында және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-шы және 31-ші сессияларының қарсаңында "ЖаңаҚазақстан – мызғымас бірлік мекені" атты дөңгелекүстел өтті. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері менжұртшылық ашық диалог форматында этносаралықөзара іс-қимылды одан әрі нығайту, әлеуметтікпроблемаларды шешу жолдары туралы өз пікірлерін білдірді.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекэтномәдени бірлестіктердің Бейбітшілік пен келісімдісақтау үшін жүргізіп жатқан жұмыстарыныңмаңыздылығын атап өтті.
– Әлемдегі жағдай біздің ең басты жетістігіміз – бұл бейбітшілік екенін бұрынғыдан да жақсы көрсетеді. Біз оны болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз керек. Көпұлтты ел үшін Ассамблеяның рөлін бағаламау немесеасыра бағалау қиын. Біз үлкен отбасымыз. Кез-келгенотбасында кейде сұрақтар туындайды. Бірақэтномәдени бірлестіктердің арқасында олардыңбарлығы жедел шешілуде, – деп атап өтті ЖеңісҚасымбек. – Ассамблея алаңы – бірегей алаң, біз оныбелсенді түрде пайдаланамыз. ҚХА-ның өңірдегіәлеуметтік-саяси жағдай мен экономикалықтұрақтылыққа қосқан үлесі зор.
Сондай-ақ, кездесуде өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы институтын сақтау, жұмысқа орналастыру жәнежаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.
– Көп жылдық тәжірибесі бар педагог ретінде менкез келген елдің бірлігі мен игілігінің негізі – ақылдыжәне тәрбиелі балалар деп санаймын. Біздің еліміздіңболашағы оларды біз қалай тәрбиелейтінімізгебайланысты болады. Сондықтан біз балалардытәрбиелеуге мектептерде де, отбасында да үлкен көңілбөлуіміз керек. Ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлергесай тәрбиеленген жан-жақты дамыған жастар ғанажарқын болашақ құра алады, – деп есептейді Қарағандыоблысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Ы. Алтынсаринтөсбелгісінің иегері Күліш Төлеуханова.
Дөңгелек үстел соңында қоғамдық-саяси өміргебелсенді қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғамдықұруға қосқан үлесі үшін облыс басшысының атынанВилен Молотов-Лучанский (еврей мәдениеті орталығы), Виталий Тварионас (Литва ұлттық-мәдени орталығыLITUANICA), Деспина Касапиди (грек мәдениорталығы "Понтос"), Виктор Кисту ("Видергебурт" неміс орталығы), Лилия Ким (кәрістердің этномәденибірлестігі), Рамис Ширинова ("Дағыстан" ұлттықмәдени орталығы), Михаил Коновалов( ҚХА мүшесі), Рустам Бузяков (ҚХА мүшесі) секілді қоғамдықбірлестіктердің төрағалары мен мүшелеріне алғысхаттар табыс етілді.
Достық Үйінің фойесінде Қазақстан халқыныңбірлігі күніне арналған балалар суреттерінің көрмесіұйымдастырылды.