Қарағанды облысында өндірушілердің өнеркәсіптік алыптармен серіктестігі нығайтылды

Қарағанды облысында өндірушілердің өнеркәсіптік алыптармен серіктестігі нығайтылды

Қарағанды облысының өнеркәсіптік алыптарының жергілікті өндірушілермен серіктестігі күшейе түсті. Өңір әкімдігінің «АрселорМиттал Теміртау» және «Қазақмыспен» бірлесе жұмыс істеген екі жыл аралығында компаниялар сатып алулар кезінде отандық тауарлардың үлесін ұлғайтып қана қоймай, жеткізушілер тізімін де кеңейтуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» сатып алуларындағы қазақстандық қамту 72%-ды, «Қазақмыста» – 50%-ды құрады.

Облыс әкімдігінде жергілікті қамтуды дамыту бойынша ынтымақтастықтың қорытындылары туралы айтылды. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек өнеркәсіпшілер мен жергілікті өндірушілердің қатысуымен онлайн-кездесулер өткізді.

– Жергілікті қамту үлесін арттыру үшін біз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен бірлесіп меморандумға қол қойдық, оған Қарағанды облысының 44 тауар өндірушісі енгізілді, – деп хабарлады өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков. – Жергілікті өндірушілердің шикізаттық емес тауарлар көлемін арттыруына баса назар аударылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұндай сатып алу көлемі 34,2 млрд теңгені құрады – бұл 2,9 млрд теңгеге артық немесе 2020 жылмен салыстырғанда 9,3%-ға өсті. «Қазақмыс» бойынша бұл сома 64,7% өсіммен 17, 3 млрд теңгені құрады. Жергілікті тауарлардың үлесі екі акционерлік қоғамда да өсті.

Жақын арада компаниялар 2022 жылға арналған сатып алу жоспарларын ұсынуға уәде береді. Олар 1 ақпанға дейін «Қазақстандық қамту» интернет-порталында орналастырылады.

Кездесуде проблемалар да талқыланды. Кәсіпорын өкілдері компания өкілдеріне тікелей өз сұрақтарын қоя алды.

– Біз оң қарқынды көріп отырмыз, қазақстандық және жергілікті қамтудың өсуі жүріп жатыр. Компаниялар ашық бола бастады. Бұл ретте біз қарағандылық кәсіпорындардың өнімдері сұранысқа ие болуына мүдделіміз. Біз «баға – сапа» тең жағдайда жергілікті тауарларды сатып алуды талап етеміз. Осындай форматта кездесуді жалғастырып, пісіп-жетілген мәселелерді бірге шешетін боламыз, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Қарағанды өңірінің тауар өндірушілерін қолдау және жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.

Жомарт Шаймұрат
17.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 27
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 152
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 152
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 299
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 517
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 470

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9170
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8568
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11796
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9564
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10776